Елордада AstanaTaxi бірыңғай қызметі іске қосылды

Күні кеше Астана қаласы әкімдігінің жанында Zhebe брендімен қызмет көрсететін Taxi Zhebe ЖШС мен «ЭКО такси» брендімен қызмет көрсететін «Автотранс Хозу» ЖШС-іне AstanaTaxi Инвестициялық жоба аясында 100 жаңа такси-көліктерінің кілті табыс етілген болатын.

«Astana Taxi жобасы – бизнес пен мемлекеттің өзара әріптестігінің айқын мысалы, жобаны іске асыру үшін бюджеттен шығын шыққан жоқ. Бастама біздің жақтан болды. Біз барлық преференцияларды, ресурстарды пайдалана отырып, заңдастырылған жеке-жеке такси-компанияларын біріктірдік, олар қауымдастық құрып, бірыңғай негізде қызмет көрсететін «Astana Taxi» сервисін құрды, бұл көліктердің сыртқы көрінісі бірдей, ақысы постерминал арқылы төленеді, бірыңғай тариф. Егер «Эко» немесе «Жебе» такси операторларында сапар үшін ең төменгі баға 750 теңге болса, қазір төменгі сомасы 500 теңгені құрайды», — деп мәлім етті Астана қ. әкімінің орынбасары Малика Бектұрова.

Жобаның мақсаты заңды автотасымалдаушылардың санын арттыру арқылы халықтың жүріп-тұруы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Бүгінгі күні жоба аясында қосымша 200 дана автомобильді іске қосуға байланысты дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ, ЭКСПО көрмесінің қарсаңында қала жолдарына тағы 300 жаңа автокөлік пен қолданыстағы таксомоторлы компаниялардың 300 көлігі шығады. Барлық автокөліктер бір стильде безендіріледі.

Жаңа ресми такси қызметінің тағы бір артықшылығы — Bus Lane сызығымен жүру мүмкіндігі, сондай-ақ, оларға ірі СОСО, теміржол вокзалының, әуежайдың алдында қосымша тұрақ орындары бөлінеді, яғни, әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау. Бұл преференциялар мен мемлекеттік қолдау құралдары таксомоторлық компанияларға сенімділік береді, бизнесті дамытуға жағдай жасайды, деді Малика Бектұрова.

Бағдарламаның барлық қатысушылары елорда әкімдігімен келісімге қол қойған, онда жүргізушілерді оқыту бойынша міндеттемелер, автокөліктің сыртқы түрі, техникалық жағдайы, бірыңғай тарификация бойынша заң талаптарын сақтау бойынша міндеттемелер жазылған.

Мемлекет басшысының отандық автокөлік өнеркәсібін қолдау және Астана, Алматы қалаларында, басқа өңірлерде бірдей такси қызметін құру туралы хаттамалық тапсырмасына сәйкес, автокөліктер Қазақстанда құрастырылады.

«Елорда әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындаудың тиімді тетігін тапты. Оның шеңберінде «Даму» қоры жеңілдікті несиелеу берді. «Азия Авто» АҚ жеңілдікті шарттармен тартымды бағамен ыңғайлы автокөлік ұсынды. Осындай бірлескен шаралардың нәтижесінде заманауи такси қызметі құрылды. Біздің компания Өскеменде сапалы көлік құрастырумен айналысады. Өндіріс 2009 жылы іске қосылған. Бізде мультибрендтік желі қалыптасқан, атап айтатын болсақ, «Киа», «Шевроле», «Шкода» және «Лада». Бүгінгі күні бұл Қазақстанда құрастырылатын ең ауқымды модельдер қатары», — деп мәлім етті «БипекАвто» компаниялар тобының коммерциялық директоры Санжар Әжіғалиев.

Жобаның екінші кезеңі және қосымша сервистер Астанада қыркүйек айына дейін іске қосылады, желіге 300 қосымша такси көлігі шығады. Жолаушылар үшін такси салонында «тегін Wi-Fi» қызметі ұсынылады. Жаңа такси қызметі елорда тұрғындары мен қонақтарына бірқатар артықшылықтар береді. Атап айтқанда, қалалық және мобильді байланыс арқылы 15 800 нөмірі арқылы қосылуға мүмкіндік беретін бірыңғай Call Center. Барлық автокөліктер бір стильде безендіріледі. Такси шақыру үшін ыңғайлы ASTANA TAXI қосымшасы. Әрбір таксиде таксометрдің болуы. Карточкамен төлеу жасау үшін POS-терминалдың болуы.