Еліміздің саяси және рухани өркендеуі үшін маңызды құжат 

 

  Былтырғы жылы Президент Әкімшілігі мен мүдделі мемлекеттік органдар Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауларын, сөйлеген баяндамаларын, Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын негізге алып, «Ішкі саясаттың негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары» құжатын әзірледі. Осыған орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» жарлыққа қол қойған еді. Ұлттық құрылтайдың мүшелері, сарапшылар, ғылыми және қоғамдық ұйымдардың өкілдері бұл тұжырымдамалық құжатты дайындауға белсене қатысты.

Ең әуелі осы құжат бірінші кезекте мемлекеттік органдар үшін арналған. Еліміздегі ішкі саясат саласындағы жұмысты жүйелеп, үйлестіру оның басты міндеті болып табылады. Құжатта отбасы, жастар, ақпарат, қоғамдық диалог, этносаралық қатынас, дін, мәдени-гуманитарлық секілді ішкі саясаттың басым бағыттары айқындалған. Қабылданған тұжырымдамалық құжат мемлекеттік органдардың ішкі саясат саласындағы жұмысын ұйымдастыруға негіз болады. Аталған  тарихи құжат еліміздің саяси және рухани өркендеуінде аса маңызды қадам болып есептеледі.

Онда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Түрлі көзқарас – біртұтас ұлт», «Заң және тәртіп», «Адал азамат», «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет», «Таза Қазақстан» секілді ішкі саясат қағидаттары бекітілген. Жарлықта белгіленген негізгі бағыттар  қоғам мен мемлекет арасындағы сенімді нығайтып, әділдік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге арналған. Еліміздің жаңа саяси мәдениетінің негізін қоғамдағы азаматтардың жауапкершілігін арттыру, заңның үстемдігін сақтау және әділдікті өмірдің басты өлшеміне айналдыру қағидалары қалайды.

Сонымен қатар, жарлықта ұлттық құндылықтарға, мәдениет пен рәміздерге ерекше мән берілуі – Халықтың рухани жаңғыруына, этносаралық және дінаралық татулыққа, жас буынның отаншылдық сезімінің нығаюына жарлықтағы ұлттық құндылықтарға, мәдениет пен рәміздерге ерекше мән берілуі өзінің   ықпалын тигізеді. Сондай-ақ қоғамды біріктіріп, дамуға апаратын «Алға, Қазақстан!» ұраны мен «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» формуласы терең мағыналы ұстанымға айналуда.

Әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, ашық диалогты дамыту сияқты мәселелерге бұл құжатта қатты назар аударылған.  Сонымен қатар жалпыұлттық құндылықтардың Ұлттық құрылтай отырыстарында көтерілген тізбесі  кірді. Ұлттық нышандардың  жалпыұлттық бірегейлікті танытатын жүйесі де жасалды. Бұл  еліміздің саяси және рухани өркендеуі үшін маңызды құжат болып табылады және Қазақстанның ішкі саясатын күшейтуге бағытталған стратегиялық бағдарлама. Сондай-ақ мемлекеттің  негізін берік қалыптастыруға, қоғамының бірлігін нығайтып,  азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға негізделген үлкен қадам болып саналады.

                                                                                                             Шаргүл Қасымханқызы