Еліміздің жадынан халық үшін жанын берген қаһармандар ешқашан ұмытылмайды

Жеңіс сағатын соқтыруға үлес қосқан Жамбыл ауданы Айшабибі ауылының тұрғыны Қасен Шанбаев ғасырға аяқ басқан шағында дүниеден өтті. Соғыстан кейінгі қиын-қыстау шақта елдің өсіп-өркендеуіне үлес қосқан ардагер есімі тарихта мәңгі қалады.

Әр барған сайын елдің егемендігі мәңгі болуын дұғасына қосып отыратын қарияның қазасына қайғырып көңіл айтамын. Алла алдынан жарылқасын.

Еліміздің жадынан халық үшін жанын берген қаһармандар ешқашан ұмытылмайды.

Сәкен Арубаев, Шу ауданының әкімі