Елена Рыбакина жылдың алғашқы жарысын жеңіспен бастады

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркеліп, екінші айналымнан бастаған Рыбакина бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 124-сатыда тұрған аустралиялық Оливия Гадекимен сәтті өткізді.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші брейк жасай алды – 6:4. Екінші сетте Елена қарқынын тіпті үдетті – 6:1.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 4 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды.

Елена Рыбакина жүлде қоры 1,7 млн АҚШ долларынан асатын доданың ширек финалына шығу үшін әлемнің 30-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенс немесе рейтингіде 44-орындағы америкалық Слоан Стивенспен кездеседі.

 

«Jetisý» газеті