Елдің анасы болып жүре беріңіз!..

Құттықтаймыз! Елдің анасы болып жүре беріңіз!..

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатын және ковид кезеңіндегі ерен еңбегі үшін «Халық алғысы» медалін иеленген асыл аналардың бірі, бүгіндері ел алдында жүрген көптеген ұлтжанды азаматтарға білім нәрін сіңірген ұлағатты ұстаз, журналистикаға кеш келсе де қаламы қарымды, жазғаны нанымды, елдің мұңы мен жырын ай- туда ақиқаттың ақ жолынан таймай жүрген Еланасы, «Qazaqstan dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» балалар журналы және «Елана» сайтының Бас директоры Сәуле Мешітбайқызы апайымыз «Құрмет» орденімен марапатталып жатыр. Бұл ұжым үшін үлкен қуаныш! Үлкен жетістік. Билік тарапынан Сәуле Мешітбайқызының ерен еңбегіне берілген баға.

Республика күні қарсаңын- Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева марапат иелеріне «Құрмет» орденін арнайы табыстаған мерекелік шараға

Сәуле Мешітбайқызы қатыса алмаған болатын. Сол күндері «Аманат» партиясы, Ауылшаруашылығы мен Оқу-ағарту министрлігі және Республикалық Ардагерлер кеңесімен біріккен дәстүрлі «Ауыл аманаты – ел аманаты» экспедициясы аясында шалғайдағы ауылдар мен аудандарды аралап, халықпен жүздесіп, шаруалармен кездесіп, бірқатар білім беру мекеме- лерінде ұстаздар қауымымен және студент жастармен жүздесіп, қауырт жұмыспен жүрген еді. Одан бері де министр тарапынан бірнеше шақыртуға да келе алмады. Себебі ел аманатын арқалап жүрген Ел анасында бос уақыт болушы ма еді? Іссапар аясында денсаулығы да сыр беріп ауруханаға түсіп, біраз күш-қайрат жинап, емделіп шыққанын да айта кеткеніміз дұрыс-ау…

«Сабақты ине сәтімен» демекші, «Құрмет» орденін алудың сәті енді түсіпті. «Қуаныштың ерте-кеші жоқ» дейді бабалар тәмсілі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің вице-министрі Қанат Жұмабайұлы Ысқақов пен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат ми- нистрлігінің Ақпарат комитетінің төрағасы Мейірлан Ақылбекұлы Раханов «Құрмет» орденін Сәуле Мешітбайқызының омырауына қадады. Салтанатты шара барысында барлық министрлік пен комитет қызметкерлері Сәуле апайдың қуанышына ортақтасып, жүздері бал-бұл жанып ерекше ілтипат көрсетті. Бұл да болса ана сыйлаған халықтың ұрпағының тағылымды тәрбиесінің жемісі деп ұғындық. Сәуле апайымыз айтпақшы «Бұл марапат менің ғана емес, ұжымымның, әріптестерімнің еңбегінің жемісі. Солардың жеңісі!». Кең пейілді, абзал жүректі, көпшіл көңілді Сәуле Мешітбайқызының осы сөзін аналық ақ батасы деп қабылдаймыз!

«Qazaqstan dauiri», «Мөлдір бұлақ» журналы және «Елана» сайты ұжымы, оқырмандарымыз Сәуле Мешітбайқызын ең биік марапаттардың бірі – «Құрмет» орденін алуымен шын жүректен құттықтаймыз. Алла Тағала отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, ісіңізге берекет бергей! Әрқашанда елдің анасы болып жүре беріңіз!