ЕЛ БОЛАМЫН ДЕСЕҢ-ЭКРАНДЫ ТҮЗЕ!

Қарашаның жиырмасы күні Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “Ел боламын десең, экранды түзе” атты тақырыпта онлайн пікіралмасу басқосуы болып өтті. Аталмыш іс-шараны М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Филология және журналистика кафедрасы ұйымдастырды. Жүзге жуық студент жастармен пікірлесуге ҚР.

 

 

Еңбек сіңірген әртісі, Қ.Р Журналистер одағының мүшесі Асқарбек Сейілхан, Жамбыл облыстық “77 ТВ” телеарнасының бас редакторы Перизат Қуатқызы, шеф-редактор Айша Беркінқызы, Жамбыл телеарнасының журналист-редакторы Райхан Шәлібекқызы, осы арнаның тілшісі Нұрлан Әбдікәрім қатысты. Тағылымды кешті жүргізген кафедра оқытушысы Бақытжан Мақашев қонақтармен қатар студенттерге де сөз берді. Болашақ журналистер кино әлемі, телеарна жұмысы туралы толымды пікірлерге қанық болды. Телеарнаның, яғни бұқаралық ақпарат құралдарының барлық саласы тәрбие құралы екені даусыз. Әлеуметтік желі мен телебағдарламалардың жастар өміріне тигізіп жатқан әсері ұшан теңіз. Жастар біздің болашағымыз болса, көгілдір экранымызға үлкен мән бергеніміз абзал. Осындай тағылымы мол шаралардың жиі ұйымдастырылуы жастар өміріне тиімді әсер етері анық. Игі істердің жалғасын табарына сеніміміз мол.

Балзия Баешова,
журналист