ЕЛ АНАСЫ ШУ ӨҢІРІНДЕ

Ауданға «Qazaqstan dauiri» қоғамдық-саяси газетінің Бас директоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Журналистер одағының мүшесі, «Мөлдір бұлақ» балалар журналының бас директоры, «Елана» қоғамдық-әлеуметтік, танымдық-ақпараттық сайтының жетекшісі Сәуле Мешітбайқызымен арнайы кездесіп, ауданымыздың тыныс-тіршілігі турасында әңгіме өрбіттік.
Өмірін қаламмен қанаттандырған жерлесіміздің өмір жолы қаламгерлерден бөлек, әрбір жанға үлгі-өнеге екені сөзсіз. Біз де өз кезегімізде әрдайым орамды ой өрбітіп, пайымды пікірімен қолдау білдіріп жүретін жерлесімізге сый-сияпат жасап, алдағы жұмысына сәттілік тіледік.

Сәкен Арубаев, Шу ауданының әкімі