Экологиялық мәдениет қалыптастыру басты назарда тұр
Бұл күнде күллі адамзат қоғамы тап болып отырған басты проблемалардың бірегейі экология тақырыбы болып отыр. Барша жұрт мойындаған Ғаламдық жылыну процесінің әсерін сезе бастағандаймыз. Біз үшін бұл жағдайлар су қайнарларының тұрақсыздығы, жан-жануарлар мен құстардың азайып кетуі немесе қоныс аударуы сынды табиғаттағы өзгерістерден де байқалып отыр. Мамандарыдң пікірінше жыл сайын қайталанып жатқан қуаңшылықтың да түп себебі экологиядағы бүлінушілікпен тікелей қатысы бар көрінеді. Сондықтан да қазіргі күннің басты тақырыбы дейтініміз осынай өзектіліктен туындап отыр.
Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг, «жасыл экономиканы» дамыту, қалдықтармен жұмыс істеу (медициналық, биологиялық және радиоактивті қалдықтарды қоспағанда), табиғи ресурстарды қорғау, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылау және қадағалау, орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда) қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласымен арнайы орган- Экология және табиғи ресурстар министрлігі айналысады. Арнайы минситрлік құрылған күннен бастап қазірге дейін өз саласы бойынша қыруар жұмыстарды атқарып келе жатырү. Әрине, олардың қатарында ақпаратпне қамтамасыз ету, экологиялық сауаттылықты арттыру басты назарда тұрғаны даусыз.
20 қыркүйек күні Астанада аталмыш министрліктің ұйымдастыруымен, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен гибридті форматта «Экологиялық мәдениет және халықаралық міндеттемелер: Қазақстандағы сын-қатерлер мен даму жолдары» тақырыбында жыл сайынғы дөңгелек үстел өтті. Жиналысқа ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі басшысының орынбасары Юрий Фенопетов, өңірлік Орхус орталықтарының өкілдері, Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, оқу орындары және тәуелсіз сарапшылар қатысты. Министрліктің ресми сайтында дөңгелек үстелде талқыға түскен тақырыптар туралы қысқаша мәліметтерді келтіре кетіпті.
Қатысушылар экологиялық мәдениетті қалыптастыру, экологиялық білім беру, қалдықтарды басқаруға жұртшылықтың қатысуы және тұрақты дамуға қол жеткізу мәселелерін талқылады. Мектептерден бастап университеттерге дейінгі барлық деңгейдегі экологиялық білім беру әдістеріне назар аударылды. ЖОО өкілдері экологиялық қағидаттарды білім беру бағдарламаларына интеграциялау жобаларымен бөлісті, ал ҮЕҰ білім беру іс-шараларының тәжірибесін ұсынды.
Сондай-ақ, қалдықтарды басқаруға азаматтық қоғамның қатысуы қарастырылды. ҮЕҰ қалдықтарды қайта өңдеу саласында мемлекеттік мекемелер және бизнеспен ынтымақтастық жөніндегі бастамаларды ұсынды, бұл ластануды азайтуға ықпал етеді. Қазақстанның Орхус конвенциясы бойынша халықаралық міндеттемелері және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану тәжірибесі талқыланды.
Іс-шара экологиялық білім беру және қалдықтарды басқару саласындағы сарапшылармен мемлекеттік мекемелердің, халықаралық ұйымдардың және жұртшылықтың өзара іс-қимыл алаңына айналды. Талқылау нәтижелері бойынша экологиялық білім беру мен мәдениетті енгізу, қалдықтарды басқару және мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасындағы күш-жігерді халықаралық тәжірибе негізінде біріктіру бойынша ұсыныстар берілді.
Ерқазы Сейтқали