Екі елі ауызға төрт елі қақпақ

Ертеде бір данышпан өмір сүріп, оның үш ұлы, бір қызы болыпты. Қызы да, ұлдары да ақылды болып, ер жетіпті. Айдан ай, жылдан жыл өтеді. Әкесі әбден қартаяды. Күндердің бір күнінде шал ұйықтай алмай дөңбекши береді. Мұны сезген кемпірі мен қызы:
– Сізге не болды, бір жеріңіз ауырып жүр ме, жоқ әлде алыс жүрген балаларыңызды сағынып жүрсіз бе?– дейді.
– Иә, сағындым. Оның үстіне бір арманым ішімде кетіп барады.
Сонда қызы әкесінің алдына келіп:
– Арманыңызды айтыңыз, мүмкін көмегіміз тиіп қалар,– дейді.
Шал айтады:
– Ешқандай құпия жоқ. Менің үш ұлымның үшеуі де ақылды. Сонда да біреуінің ақылы артығырақ болуға тиісті. Соны білу менің арманым:
Қызы сәл ойланып:
– Ой, әке, осыған да қиналасыз ба? Қыдырып барып балаларыңызды сынап келіңіз,— деп, қыз бен кемпір жол қамына кіріседі.
Азығын, сусынын дайындап, атын ерттеп беріп жолға салып жібереді. Аз жүрді ме, көп жүрді ме, кім білсін. Бір күні үлкен ұлына жетеді. Баласы зор құрметпен қарсы алып, қолынан келгенінше сыйлайды. Екі-үш күн жатып мауқын басып, төртінші күні қайтпақшы болады. Баласы тағы да қой алдырып сойғызады. Тамақ піседі, етін қазаннан түсіріп қойып, нанын салып жатқанда, шал баласына қарап:
– Қарағым, ана етіңнің жақсы жерінен бір кесіп берші, – дейді. Ұлы жақсы жері дәуде болса санның еті шығар деп, сан етінен кесіп береді. Шал аздап ауыз тиіп, қойып қояды.
– Балам, енді жаман жерінен бір кесіп берші,– дейді. «Еттің де жаман жері бола ма?»– деп ұлы сәл ойланып тұрып, жаман жері дегені тіс өтпейтін сіңір шығар деп сіңірден кесіп береді. Сіңірді алып, аздап ауыз тиеді. Артынша тамақ та келеді. Тамағын жеп, сыйына риза болып, ел-жұртпен, баласымен қоштасып қайтады.
Данышпан жүріп отырып, екінші ұлына келеді. Екінші ұлы да зор құрметпен қарсы алып сыйлайды. Әкесі қайтар күні бірінші ұлына қойған сауалын қояды. Екінші ұлы да бірінші ұлының істегенін қайталайды. Екінші ұлына да риза болып, қайтады. Ол енді үшінші ұлына келеді. Үшінші ұлы да зор құрметпен қарсы алып, сыйлайды. Қайтар күні екі ұлына қойған сауалын кіші ұлына да қояды. Сонда кіші ұлы мұнда бір сыр бар шығар деп ойлайды. Сосын бастың тілінен кесіп береді.
– Балам, енді жаман жерінен бір кесіп берші? – дейді. Баласы тағы да тілден кесіп береді. Сонда әкесі тұрып:
– Балам, мұның қалай, жақсы жерінен кесіп бер десем тілінен кесіп бердің, жаман жерінен десем тағы да тілінен бердің,— дейді. Сонда баласы:
– Ой, әке-ай, сіздің  сынап отырғаныңызды біліп тұрмын. Жақсы да, жаман да, ұрыс та, керіс те, өсек те, бәрі де осы тілден шығады. Екі елі ауызға төрт елі қақпақ дегендей, әр адам өз тіліне сақ болса, еш уақытта ұрыс-керіс болмас еді. Басқа пәле тілден,– деген екен. Қарт үшінші ұлының ақылдылығына өте риза болып қайтады.
*Осы ойлар маған ұнады. Сіздермен бөліскім келді.*

Өкпеге қисаң да, аз ғұмырыңды сыйластықпен өткіз… Бүгінгі адам, ертең топырақ… Бір үйде қанша жан барсың, бір-біріңе қонақсың… Сыйлассаң — тіріңде сыйлас… Өлген соң жыласпа… Тірі адамда мүмкіндік көп. Иіске, сүй, құшақта, аяла, бауырыңа бас! Əр секундыңды қимастарыңа арна. Ешкім мəңгілік емес… Ыстық құшағында еркеле… Алла адам баласына көп мүмкіндік… Уақыт берді… Өкпе, реніш, наз — ол еш уақыт бітпейді… Егер сен бітірмесең… Əр кездескенде «жоғалтып» алам-ау деп бауырыңа бас! Көрсет шын ықыласыңды! Қоштасарда да көріспей қалсам ше деген оймен қимай қоштас! Білдір сезіміңді! Көрсет ол адамның саған қымбат екенін… Қу тірліктің күйбеңімен уақыт зымырай береді… Ештеңе дəл бүгінгідей қайталанбайды… Əр уақыттың да адамның да қадіріне жете біл… Сен өлгенше өштесіп жүрердей ол да шəйтан емес… Не сен не ол бірінші кетеді… Сол кезде өкінбейтін бол!!!
Кішкене ғана ғұмырда Адал болайықшы!
Қасыңызда жүрген адамдарды бағалай біліңіз! Ол туысқаныңыз, жаныңыздағы жарыңыз,  досыңыз, сырласыңыз, құрдасыңыз т.б . Ол адам бүгін бар болуы мүмкін, ертең бар болуы мүмкін, арғы күні бар бола ма жоқ па белгісіз ?! Кейін ол сізден алыстап кетсе, саныңызды соғып қалмаңыз! Өмірде ештеңеге Мəңгілік деп қарамаңыз! Ақшаға да ол сізде қазір бар болуы мүмкін, кейін жоқ болмасына кім кепіл?! Тіпті мен де , оқып отырған сізде Мəңгілік емеспіз!  Туысқаныңды, бауырыңды сағындың ба , жай ғана хабарласыңыз, іздеңіз, сағынып кеттім сені деңіз!   Мама папа сіздерді қатты жақсы көрем деп күнде смс жазыңыз! Сезіміңізді уақытында айтып үйреніңіз! Кейін кеш болып қалмас үшін!
Ештеңе де маңызды емес, ақша атақ , мансап, байлық, сұлулық, менмендік, көкіректік, машина, қымбат сотка, қымбат киім .т.б
Тек қана сезім ата анаға деген, сүйген жарға, балаға, дос-құрдас , бауырға деген, туысқанға деген, басқа да өмірініздегі адамдарға деген сезім маңызды . Сезім- жақсы көру, сағыну, іздеу, ол үшін алаңдау, бауырмалдық, мейірімділік, адалдық, достық т.б көп кете береді сансыз!
Сезімсіз өмір бос өмір!
Кейін бармағымызды тістеп қалмайық!
Ешкімді өкпелетпей, ешкімді жамандамай,  ешкімге өкпелемей, кек сақтамай , көргенде сағына көріскенге, ойнап күліп əзілдесіп жүргенге не жетсін Шіркін!  Өмірімізде ақшамыз көп болғанша, құлағанда демейтін, ауырғанда жүгіретін, жылағанда жұбататын, мұңайғанда күлдіретін, қиналғанда көмектесетін, жанашырымыз, жанымызда игі жақсыларымыз көп болсын!
Адамдарға сіз не берсеңіз, олар сізге 2 есесін береді! Өзіңіз сыйлы болғыңыз келсе; іздегенін, сағынғанын қаласаңыз-алдымен өзіңіз жасаңыз сол іс-əрекетті! Көкейіңіздегі өзімшілдікті тыйыңыз, «Жазса, өзі жазсын, іздесе өзі іздесін, мені ешкім іздемейді, мен неге оны іздеуім, керек» дейсіз білем.  Кішірейгеннің абыройы тасады,
дейді. Иа рас, адамдарды қуантуға, жақсылық жасауға, жылы сөз айтуға тырысайық! Сіздің жылы сөзіңіз оның бүкіл ғұмырын өзгертетін шығар бəлкім?!
Барды бағалайық!!! Бұл өмір қамшының сабындай өте  қысқа!!! Осы сөздерді оқып отырған сізді мен ҚАТТЫ ЖАҚСЫ КӨРЕМІН!
Мен сендерді қатты жақсы көремін!