Екеуміздің қайсымыз күштіміз?

Əкесі ұлынан сұрады:
— Ұлым, екеуміздің қайсымыз күштіміз?
Ұлы жауап берді:
— Əрине мен, əке!
Əке бұл жауапты күтпеген еді. Есеңгіреп қалды.
— Бұған сенімдісің бе, ұлым? — деп, бөлмесіне қарай кетіп бара жатып екінші рет сұрады.
— Иә, əке!
Өз бөлмесіне кірейін деп тұрып, əкесі үшінші рет, үміттене, тағы да сұрады:
— Бəлкім жақсылап ойлап көрерсің, ұлым. Қайсымыз күштіміз?
— Сіз күштісіз, əке!
Əке бұл жауаптан қуанып кетті. Бірақ ойланып қалды. «Неге бұдан алдын екі рет сұрағанымда «мен күштімін» деді бұл бала?»
— Неге мұндай шешімге келдің, ұлым?
— Алдында екі рет сұрағаныңызда сіз менің қасымда едіңіз. Сіз жанымда болғаныңызда дүниеде менен күшті адам жоқ еді! Үшінші рет сұрағаныңызда сіз менен алыстаған едіңіз. Сіз жанымда болмасаңыз, мен — әлсізбін ғой, əке!..