ЕГІН ОРАҒЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Бүгінгі күні жоспарланған егіс алқабының 318,6 мың гектары (85,8%) орылса, әр гектардан алынған орташа өнім 18,7 ц/га құрап, 596,3 мың тонна астық қамбаға құйылды.
Қазіргі уақытта ору науқаны Байзақ, Мойынқұм, Шу аудандарында аяқталса, астықтың 53,4 мың гектарынан 103 128 тонна өнім жинаған Қордай ауданында әр гектардан алынған өнім – 19,3 ц/га, Т.Рысқұлов ауданында — 19,0 ц/га, Жуалы ауданында – 18,9 ц/га құрауда. Науқанға 657 комбайн жұмылдырылған.
Жалпы биылғы жылы облыста 371 078 гектарға арпа-бидай (157 150 гектарға бидай, 213 928 гектарға арпа) себілген.

Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы