Ресейден 67 тонна күріш жармасы сертификатсыз әкелінген

2017 жылдың 14-нен 28-ші сәуір мерзімінде жоғарғы фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді тексеріп қарау барысында Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдік карантині саласындағы заңнамалық бұзушылықтың 39 фактісі анықталды.

Ресей Федерациясынан (48,426 тонна көкөніс пен жемістер, 67,6 тонна күріш жармасы, 2000 дана көшет, 47 текше метр кесілген ағаш дайындамалары, 29 кг көкөніс пен гүл дақылдарның тұқымдары), Қырғыз Республикасынан (48 тонна қырыққабат, 20 тонна сәбіз) өнімдер республика аумағына міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінді.

Сонымен бірге, 20 тонна ресейлік картопта карантиндік объект – картоптың алтын түстес жұмырқұрты табылды.

Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасынан (816 дана көшет, 74 кг кептірілген жемістер, 7 дана құмыралық гүлдер) өнімдер қол жүкпен әкелінуіне тиым салынуының бұзылуы анықталды.

Карантинге жатқызылатын өнімдердің жалпы салмағымен 204,13 тонна, 47 текше метр және 2823 дана экспорттаушы мемлекеттердің аумағына кері қайтарылды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі