Ең үздік елдер тізімінде әлемде 70-і орындамыз

АҚШ-тың U.S. News & World Report журналы әлемдегі ең үздік елдердің рейтингін жасады. Бұл тізімде Қазақстан 70-і орыннан көрінді.  Бағалауға 80 ел қатысып, үздіктер тоғыз көрсеткіш бойынша таңдалды. Елдер онда туризм, мәдениет, тарихи мұра, саяси салмақ, бизнеске ашықтық, кәсіпкерлік, халықтың жалпы өмір сүру деңгейі, экономика өсімінің жылдамдығы, өмір сапасы сынға түсті.

Сонымен алғашқы үздік бестікке мына мемлекеттер енді: бірінші орында Швейцария, одан кейінгі орындарда Канада, Германия, Ұлыбритания және Жапония. Бір қызығы осы рейтингті ұйымдастырушылар өз елі АҚШ-ты жетінші орынға қойыпты. Ал күн санап қарыштап дамып жатқан алапауыт Қытай бұл рейтингте небәрі 20-ы орында болса, көршіміз Ресей 26-ы орыннан көрінген. Үздік мемлекеттер тізіміндегі ең соңғы орын Алжирге беріліпті.