«Дипломмен ауылға бағдарламасы»

Өнерге және өмірге деген талпынысы мен құштарлығы ерекше оянған Асемгуль Қуанышева 2000 жылы маусым айының 16 күні Егіндікөл ауданында дүниеге келді. Қасиетті қара жердің құнарлығы мен құндылығы бойына дарыған Асемгуль бала кезден би өнеріне жақын болып өсті. Талантты ғана болып қоймай қазақ қызына деген қасиетті бойына сіңіре білді. Балалық шақтың бақытына бөленген жас қыз болашақта үлкен жетістіктерді көз алдына елестете білді.

 

2016 жылы Егіндікөл ауданындағы мектепті аяқтаған биші қыз Көкшетау қаласындағы «Ақан сері атындағы жоғары мәдени колледжін» ойдағыдай тәмамдады. Оқу орнында жүріп үздіктердің қатарынан табылып,көптеген байқаулармен мерекелік кештерде көріне білді. Нұр-Сұлтан қаласында өткен ЭКСПО-ға 2017 жылы қатысып, 2020 жылы Павлодар қаласында өткен халықаралық фестифальге қатысып 1 орын иегері атанды. Сол фестифальде Болгария қаласына жолдаманы жеңіп алды.

Бірақ өкінішке орай пандемияға байланысты бара алмады. Колледж қабырғасында Ордабаева Гүлмира Мерғалиевна апайы ұстаздық қасиетімен талантты қызға тамаша көңіл-күй сыйлады. 2020 жылы туған жері Егіндікөлге «Дипломмен ауылға бағдарламасымен» келіп аудандық мәдениет үйіне Хореграфия би өнері бойынша жұмысқа орналасты. Шабытты шыңдау үшін дарынды қыздардан «Шабыт» би тобын құрды. Көптеген байқауларға бақ сынап арнайы дипломдармен табысталды.
Асемгуль қазір Алматы қаласында «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде» сырттай білім алып жатыр. Күйеуі Бақдәулетпен екеуінің НұрИслам атты тәп-тәтті баласы бар. Университетті бітіргеннен кейін ары қарай талантты балалармен жұмыс жасап байқауларда жоғары орыннан көрінуді ойлайды.
Ниетіңізге жете беруіңізге тілекшіміз!

Егіндікөл ауданының ішкі саясат, мәдениет тілдерді дамыту және спорт бөлімінің СММ менеджері Аманжол Сұрағанов.