Дінмұхамед Қонаевтың әкесі Меңліахметтің баласына айтқан өсиеті…

Жолыңда қылымсыған күлімкөздер де кездесер. Олардан да сақтан. Қармағына түсіп қалсаң, өмірің өксікпен өтуі мүмкін.
Оның түгі кетпейді. Сен ел бетіне тура қарай алмайтын қарабет болып шығасың.
Неге десең, оның әке-шешесі, күйеуі, қайын атасы, қайын енесі, туыстары, нағашы жұрты, құда-жекжаттары бар. Солар біліп қалса, бәріне жексұрын боп, өзіңе көп жау тауып аласың.
Ондай қарым-қатынасты жасырам деп ойлама, бәрібір бір күні ашылады. Ашылмаған күнде өз ұятыңның алдында не айтасың?
Балам, таза жүріп, таза тұр. Ең құрығанда қасқыр құрлы ақылың болсын.
Қасқыр апанының төңірегіндегі малға да, адамдарға да аштан өліп бара жатса да тимейді.
Бірақ жақын маңдағы біреу оның апандағы күшігін алар болса, ол ауылдың астаң-кестеңін шығарады. Жолбике әйелдің кесапатынан осы тәрізді ауыр жағдайға ұшырап жүрме.

Кітаптың толық нұсқасын оқығысы келетін оқырманнан лайк күтеміз

https://t.me/kitapkz1/1423