«Деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру»

Жаңатас қаласындағы Абылайхан кәсіптік лицейінде жоғарғы сынып оқушылары арасында «Деструктивті діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру» тақырыбында жиын өткізілді.
Жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің Сарысу ауданындағы инспекторы М. Мырзағараев және аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
Жиын барысында деструктивті діни ағымдардың зияны, терроризм мен экстремизм туралы ақпараттар беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, елімізде бірлік пен қоғамдық келісімді сақтау, жастардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі құндылықтарды қастерлеудің өзектілігі туралы кеңінен айтылды.