Депутат мырза, ЖЕЛІЛІК МАРКЕТИНГке топырақ шашуға асықпаңыз!

Жақында Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков мырза Қазақ- станда желілік маркетинг жүйесімен жұмыс істейтін компаниялардың қызметін шектеу туралы мәлімдеме жасады. Дүниежүзінің білікті экономистері нарықты дамытатын бір тетік ретінде мойындаған, кейбір (АҚШ, Түркия және т.б.) дамыған мемлекеттердегі жетекші университеттерде экономиканың бір саласы ретінде оқытылатын желілік маркетинг жүйесінің біздің елде әлі күнге көше әңгімесі деңгейінде қалып қойғаны, онымен айналысатын жандарды кейбіреулердің алаяқ, алдаушы деп танитыны өкінішті-ақ. Одан да өкініштісі, Мәжіліс төрінде отырған халық қалаулысының бұл жөніндегі түсінігі сол көше әңгімесі деңгейінен алыс кетпегені. Жалпы, біздің қоғам желілік маркетинг ұғымын түсінуге онша құлықты емес. Кейбір газет-журналдардағы осы тақырыпты қозғаған мақалалар мен телеарналардағы хабарлар мәселені шынайы зерттеп көрсетпейді, қайта өсек-аяңға сүйеніп, желілік маркетингті бас салып қаралауды мұрат тұтады.

Бұл маркетинг — қосымша табыс көзі

Шындығында, желілік маркетинг жүйесі дегеніміз не өзі? Депутат айтқандай, «Чем больше активизируется их деятельность, тем больше страдают широкие слои населения…» ма? Мен осы саламен сегіз жылдан бері айналысып келемін. Бірақ, Жамбыл Ахметбеков шошығандай, жапа шеккен халықты көргенім жоқ. Мен әріптестік жасап жүрген компания жағдайында жапа шегу туралы әңгіме болуы мүмкін де емес. Желілік маркетинг — тілек білдірген барлық адамның қосымша қаржы табуына жасалған бір мүмкіндік. Яғни кәдімгі сауда ғана. Жәй ғана сауда емес, сатушыға да, сатып алушыға да ыңғайлы, екеуіне де пайдалы, мәдениетті сауда. Сауда дегенде біз нені ұғамыз? Дәстүрлі саудада өндірістен шыққан кез келген тауар әлденешелеген делдалдың үстеме баға қосуы арқылы сатушыға жетеді. Тұтынушы содан соң ғана сатып алады. Бұндай жағдайда өндіріс орнынан өзіндік құны 100 теңге (мысал үшін) болып шыққан тауардың тұтынушы қолына 1000 теңгеге дейін қымбаттап жететін кезі болады. Бағасы сонша шарықтаған заттың өтімділігі де төмендейтіні заңды. Өтімділікті көтерудің бір жолы заттың сапасын жоғалтпай, өзіндік құнын түсіру ғой. Бірақ, қандай да бір өндіріс орнына бұл оңайға түспесі анық. Сондықтан, көптеген өндірушілер зат бағасын арзандатуға сапаны төмендету арқылы қол жеткізеді. (Қытайлық кәсіпорындар бұны өте жақсы меңгерген). Ал өмірде иманды өндірушілер де баршылық қой. Олардың сапаны төмендетпей, араға делдал қоспай бағаны қайткенде арзандатуға болады деген ойынан желілік маркетинг жүйесі келіп шығады. Бұл жүйе 1950 жылдары АҚШ-та жолға қойыла бастаған.

сеть

Ол қалай жұмыс істейді?

Тауар өндіруші өз тауарын енді сауда орындарынан және оған дейінгі көптеген делдалдар мен жарнамалардан бас тар- та отырып, жекелеген адамдардың табыс табуға деген ынта-ықыласын пайдалану арқылы сата бастайды. Өндірушінің нақ өзінен сапалы тауар сатып алған адам енді сол бұйымның жақсы екені туралы танысына айтады. Солайша әлгі танысы да өндірушіден тікелей тауар сатып алса, онда ақпарат беру- шіге тұтынушы тауып бергені үшін компания сыйақы төлейді. Де- мек, сатып алушы әлгі тауарды теледи- дар арқылы берілетін қып-қызыл өтірікке құрылған жарнамаға сеніп емес, аталмыш тауарды өзі тұтынып көрген, оның жақсы екеніне көзін жеткізген танысы арқылы таниды. Демек, бұл дұрыс ақпарат алды деген сөз. Өндірушіден тікелей тауар сатып алған адам міндетті түрде компанияға клиент тартуы тиіс деген талап жоқ. Кейбіреу же- лілік маркетинг дегенді осылай түсінеді. Егер ол қосымша қаржы табуды қажет етпесе, онда компанияның жеңілдетілген бағасын ғана пайдаланып жүре беруі- не болады. Нәтижесінде өндіруші мен тұтынушының арасын жалғап тұрған делдалдар легі жойылады немесе барынша азаяды. Арадағы көп делдалдың қанжығасына кететін қомақты ақшаның бір бөлігі (бәрі емес) тауар туралы ақпарат беруші, яғни желіні құрушы адамға төленеді. Демек, дәстүрлі сауда дегеніміз де, желілік маркетинг жүйесі дегеніміз де, айналып келгенде, белгілі бір затты сату ғана болып шығады. Түсініктірек айтсақ, бұл екеуі тауар мен қызметті өткізудің екі түрлі тәсілі ғана. Кім қай тәсілді таңдайды, ерік өзінде. Депутат мырзаның «…он основан на лжи и обмане простого народа» деп же- лілік маркетингті қасақана қаралауының жөні жоқ. «…Мата даңқымен бөз өтеді» демекші, егер шынымен де сондай ком- пания табылып жатса, онда ол шын мәніндегі желілік маркетинг жүйесінен алыс жатқан және ол жүйеге нұсқан келтіретін «арамшөп» болғаны. Ондай компанияның өмірі ұзаққа бармайды.

Сондықтан кімде-кім желілік маркетинг жүйесімен жұмыс істейтін компаниямен әріптестік құрып, өз бизнесін бастағысы келсе, ол компания туралы тереңірек ақпарат алғаны дұрыс. Ол үшін компанияны таңдаудың қалыптасқан бір- неше қағидасы бар. Ең бастысы, ол компанияның тауары адамға қаншалықты қажеттігіне мән берген жөн. Тауар негізгі мақсат болмаған компаниядан іргені аулақ салған дұрыс. Екіншіден, мемле- кеттік тіркеуден өткен-өтпегеніне қарау керек.

«Сетевой маркетинг якобы обеспечивает занятость людей и приносит доход, но на самом деле все наоборот» дейді Ахметбеков мырза. Бұл кәсіптің де, басқа кез келген бизнестегідей өзіндік қиындықтары, кедергілері баршылық. Ол қиындық кез келген биз- несті бастауға қажетті қаржының жоқтығында немесе аздығында емес, адамдармен тіке- лей жұмыс істеудің қиындығында жатыр. Демек, жұртшылыққа шынайы, сауатты ақпарат беріп, өзіне тарта білу үшін талапкер адам өзінің бойындағы сапалық қасиеттерін барынша жетілдіруі қажет. Яғни халықпен қарым-қатынас жасамас бұрын адам өзін-өзі тәрбиелеуі тиіс. Бұл бизнесте талапкер адам іске ақша емес, өз бойындағы адамгершілік асыл қасиеттері мен уақытын салады. «Абырой — басты капитал» деген тамаша сөз бар. Ендеше, депутат Жамбыл Ахметбековтың «В дей- ствительности сетевой маркетинг — это необоснованные расходы семей, разрушенные судьбы, осиротевшие дети» дегенін қалай түсінуге болады? Бұл бизнеске капитал ретіне ақша емес, жеке бастың қасиеттері салынады ғой.

Алысқа бармай-ақ, мысалды өз басымнан айтайын. Халыққа адал ақпарат беріп, компания тауарларының пайдалылығын дұрыс түсіндіруімнің арқасында осы сегіз жылда ай сайын қомақты қаржыға ие болып, соған сай салық төлеп келемін. Ең ба- стысы, көптеген адамның қаржы табуына көмектесіп, дұрыс жол көрсетіп жүрмін. Бұрынғыдай екі әйелдің басы қосылса болды жанданып сала беретін өсек-аяң енді маған қызық болмай қалды. Адамның жан дүниесін түсініп, басына түскен қиыншылықты жеңетін жолды көрсетіп, жәрдемдесу менің әдетіме айналды.

96_main

MLM көлеңкелі экономиканы талғажау етті

Алайда өмірде не болмайды? Осы салада жүрген жекелеген адамдардың (компанияның емес) айтқанына сеніп, бар жиған-тергенінен айырылып қалатындар да кездеседі. Мұндай жағдай бизнестің басқа түрлерімен айналысатындардың да арасында кез- десетінін есте ұстаған абзал. Ал желілік маркетинг жағдайында айтар болсақ, бұндай жағдай MLM компаниялардың мемлекеттік ресми тіркеуден өтпей, көлеңкелі экономика жағдайында жұмыс істеуінің кесірінен деуге де бо- лады. Бұл жағынан депутат Жамбыл Ахметбековтың пікірімен толық қосылуға болады. «По оценкам экспертов, 90 процентов товаров сетевого маркетинга в основном попадают на наш рынок и реализуются контрабандным путем» деуінде ащы шындық жатыр. Ондай жолмен келетін тауарлардан салық та алынбайды. Міне, депутаттың айрықша шүйлігетін жері де осы болуы тиіс еді.

 Бірақ ол ақ-қарасын ажыратпай, желілік маркетингке қарата уыстап топырақ шашыпты. «…То есть все со- циальные агенты работают на «чужого дядю», при этом сами не особо зара- батывая» депті. Иә, расында шетелдік компаниялар өндірген заттың біздің елде сатылуы мемлекетке қаржылық жағынан пайдалы емес. Алайда біздің елге қайдан, не келмей жатыр? Небір сапасыз әрі тұрмысқа қажетсіз заттар легінен көз аша алмай қалған жоқпыз ба? Оның қасында желілік маркетинг арқылы келетін тауарлар әлдеқайда сапалы болатынына талас жоқ.

Тағы бір айта кететін нәрсе, желілік маркетинг компаниялары халықара- лық бизнеске жатады. Сол себепті менің жеке өзімнің және менің кейбір әріптестерімнің шетелдерде құрған тобымыз бар. Сол топ арқылы енді өзге елдерден бізге тиісті табыс түсіп отырады. Мәлімдеме жасаушының бұл жөнінде хабары жоққа ұқсайды. Сондықтан Жамбыл Ахметбеков мырза лақап әңгімеге құлақ түре бермей, осы жүйені меңгерген адамдардан кеңес алғаны жөн болады. Егер қабыл алса, бұл тақырыпқа уақытымды ықыластана қиған болар едім.

Ал дәстүрлі сауда орындары өз табысының көп бөлігін жасырып қалатыны белгілі. Сатып алушының барлығы чек талап ете бермейтіні рас. Депутат мырза бұны білмейді деп ойламаймын. «Желілік маркетингке ана мемлекет тыйым салған екен, мына мемлекет шектеу қойған екен» деудің де жөні шамалы. Әр мемлекет өз мүддесіне қарай әрекет етеді. Депутат мырза тыйым салған деп атап өткен Корея, Қытай, АҚШ сияқты елдерде бұл жүйенің жақсы жұмыс істеп тұрғанына өз басым куәмін. Бұл мемлекеттер кейбір компаниялардың жұмысына шектеу қойған да болуы мүмкін. Ал ол шектеулер жалпы желілік маркетингке тыйым салған деген сөз емес қой. Өзбекстан туралы сөз басқа, экономика жөнінен өзағаңдар бізге дәл қазір үлгі бола алмайды.

«В Казахстане на сегодняшний день деятельность сетевого маркетинга не регулируется ни законами, ни другой специальной законодательной базой». Иә, дұрыс айтады, желілік маркетинг Қазақстанда заң жүзінде реттелмеген. Сол себепті де бұл салада түсінбестік жетерлік. Сол себепті де желілік марке- тинг компаниялары мемлекеттік ресми тіркеуден өтпесе де, тауарлары еліміз- де контрабандалық жолмен тасымал- данып, емін-еркін саудаланып жатады. Одан мемлекет қазынасына бір тиын да салық түспейді. Басы өзге мемлекет- те, құйрығы біздің елде жатқан бұндай компанияға әріптес болып қосылған адамдардың алданып қалуы да әп сәтте. Олардың тауар алуы үшін мақсатын басқаша етіп көрсетіп, өзге мемлекет- ке банк арқылы аударған қаржысының қайтарымына да кепілдік жоқ. Заң осы жағын тәртіпке түсіруі тиіс.

Алтын Каниева,