«Дене шынықтыру» сабағына енді ұлдар мен қыздар бірге қатыспайды

Мұндай өзгеріс «Технология» пәніне де қатысты енгізіледі.
Жаңа оқу жылынан бастап «Дене шынықтыру» және «Технология» пәндері сыныптың толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтарына бөліп оқытылуы мүмкін. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі жанындағы мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова мәлімдеді.