Демографиямыз қазақы өңірлерімізде «уралап» терістігіміз тұралап тұр

 

Қазақта: «Көп — қорқытады, терең — батырады»,— деген аталы сөз бар. Мәселеге осы тұрғыдан қарасақ, саны көп елдер саны аз елдерге тізе батырып, жөні келсе ықтырып алуды сөкеттік санамайды. Содан да болар, саны аз елдер ең алдымен демографиясына ерекше көңіл бөліп, халық санын шама келгенше арттыруға барынша күш салады. Соның бір мысалына солтүстіктегі көршіміз Ресейдің жұлымыр әрекетін келтіруге болар еді. Орыстар дүниеге сәби әкелген аналарға жөргекпұлды еселеп қойып, бала туу жасындағы нәзік жандыларды ынталандырып-ақ жатыр. Біз болсақ, уәдені үйіп-төгіп беріп, бірақ, іс жүзінде жартымсыз жөргек пұлмен алдап, сынық сүйем ұзай алмай отырмыз. Рас, аумағы өте ауқымды Қазақстан өңірлеріндегі бала туу көрсеткіштері әр қалай. Оған сонда тұратын халықтың тығыздығы, ауа райы, т.б. жәйттер ықпал етеді. Мысалы, халық өте тығыз орналасқан Оңтүстік Қазақстанда еліміздің Солтүстік-Шығыс, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Ақтөбе, Атырау облыстарының бәрін қосып алғандағыдай мөлшерде бала дүниеге келеді. Бұған, крахмалданған Кеңес дәуірі құрдымға кетіп, әлемдік саяси картада бір-бірінен саяси және экономикалық байланыстарын үзіп алған жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы да өзіндік ықпалын тигізді, әсіресе, демография саласында. Оған орыс және неміс ұлты өкілдерінің Қазақстаннан жаппай шетелге қоныс аударуы, сондай-ақ, шетелдегі қандастарымыздың тарихи отандарына ат басын бұруы айтарлықтай  әсер етті.

Демографиялық мәселе өңірлерде қандай жағдайда екендігіне келсек, статистика көңіл көншітпйді. Мысалы, 1999 жылы жүргізілген халық санағынан бері өткен 18 жыл ішінде халық саны Алматы облысында 450 мың адамға өсіпті. Бұл облыс елімізде халқы ең көп аймақтың бірі болып саналады (мұнда 3,775 млн. халық, немесе ел халқының 20 пайызы тұрады). Осы 18 жыл ішінде Алматы облысында халық саны 28 пайызға артса, Оңтүстік Қазақстанда бұл көрсеткіш 47 пайызды құрайды (1,97-ден 2,9 млн-ға дейін), яғни мұнда ел халқының әрбір бесінші азаматы дүниеге келеді. Бұл өңірдегі демографиялы қалық саны 14,84 млн. адамға дейін құлдырап кеткен өткен ғасырдың 90-ы жылдары да осы қалпында сақталып қалған. Осы есеп беру кезеңінде Жамбыл облысындағы халық саны 0,988-ден 1,116 млн-ға дейін, Қызылорда облысында тиісінше 0,596-дан 0,777 млн-ға дейін артты. Маңғыстау облысында да халық саны осы кезеңде екі есеге жуық өсті. Оған, негізінен, оралмандардың көшіп келуі игі ықпалын тигізді. Атырау облысында халық саны 65 пайызға артты. Рас  Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарындағы жағдай көңіл көншітерліктей емес. Бұған көп жағдайда сыртқы және ішкі көші-қон мәселесі айиарлықтай әсер етіп отыр.

Солтүстік, орталық және шығыс өңірлердегі халық санының даму қарқынына келсек, Одақ ыдырауынан кейінгі демографиялық процесс бұл өңірлерде басқаша ауанда жүрді. Мәселен, елдің оңтүстігі мен батысында халық санының азаюы 2001 жылға дейін жалғасып, сонан кейін тұрақты демографиялық ахуал қалыптасса, солтүстік пен шығыста бұл процесс әлі күншге жалғасып келеді. Рас, соңғы кездері демографиялық жағдай Қостанай, Қызылжар, Көкшетау, Павлодар, Қарағанды және Өскеменде аз да болса жақсарып, оның даму қарқыны байқалып отыр. Бірақ, бұл көрсеткіш тек облыс орталықтанрына ғана қатысты. Мысалға, Қостанай облысын алсақ, есеп беріп отырған кезеңде өңір халқының саны 350 мың адамға қысқарды. Ал, Солтүстік-Қазақстан облысы елдегі халқы ең аз өңір болып табылады (өткен ғасырдың 90-ы жылдары мұндағы халық саны 900 мың болатын). 1989 жылы Павлодар облысында халық 68 пайызға, Ақмола облысында 85 пайызға артық халық тұрса, қазіргі күні бұл көрсеткіш тек түсімізге ғана кіреді. Осыдан бірнеше жыл бұрын Қызылорда облысы халық саны жөнінен алдымен Ақмола, сосын Павлодар облыстарын басып озса, қазір ол көрсеткіш 40 пайызға құлдырап кеткен. Бұрындары миллионға жуық халық тұрған Ақмола облысы болса, 25 жыл ішінде 30 пайыздан астам халқынан айырылып қалды. Халық саны 61-4, 66 және 67 пайызға дейін азайып кеткен 3 аудан нақ осы Ақмола облысына қарайды. Ақмоланың кебін біраз уақыттан кейін Маңғыстау киетін сынды. 20 мен 21 ғасырлар тоғысында Ақмола облысында Маңғыстаумен салыстырғанда 2,5 есе көп халық тұрған-ды. Өткен ғасырдың 80-і жылдары Қарағанды қаласы халық саны жөнінен Қазақстанда екінші орында тұрса,  соңғы 30 жылда қала 100 мың адамға азайды. 1989 жылы Шымкент қаласы халқының саны 393 мың болса, қазір бұл сан миллионға жақындап қалды. Ақтөбеде 1989 жылы 253 мың адам тұрса, қазір бұл көрсеткіш 470 мыңға жақындап қалды. Шығыс-Қазақстандағы жағдай Қарағанды облысына өте ұқсас. Екі облыста да адам саны бірдей. Қарағанды сияқты, Өскемен мен Семей қалаларындағы табиғи өсім көрсеткіші көтеріліп келеді, есесіне, аудандардағы жағдай бұған керісінше. Көріп отырғанымыздай, елдегі деморгафиялық жаңдай барлық өңірде бірдей емес. Ол жағдай солтүстікте, щығыс пен орталықта нашар болса, оңтүстік пен батыс өңірлерінде өсім жоғары. Демограф мамандардың болжамына сенсек, солтүстік, шығыс және елдің орталық өңірлері 2 миллионға жуық халқынан айырылса, осы кезеңде тек оңтүстік өңірі ғана халық санын 5 миллионға арттырмақ сынды. Әлбетте, мұндай тепе-теңдік мемлекетке қол емес, сондықтан мұндай жағдайға жол бермей, аймақтардағы халық санын теңгеру керек сияқты. Себебі, қазірдің өзінде күлл Қазақстан халқының табиғи өсымының 55 пайызы үш оңтүстік өңір облыстарына тиесілі. Жоғарыда айтқанымыздай, жалғыз Оңтүстік Қахақстан обдысында ғана Солтүстік-Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Атырау, Ақтөбе, Ақмола облыстарын қосып алғандағыдан артық бала саны дүниеге келеді. Өмір шынайылығы ылғи да алға жаңа міндеттер мен мақсматтар қояды. Демографиялық мәселе экология сияқты, қоғам үшін аса маңызды проблема, сондықтан, ол өз шешімін табуды талап етеді. Одан қол сілтеп, оны айналып өтуге келмейді. Бұл мәселеде мемлекетке статистика жақсы қызмет көрсетуі тиіс. Бұл жөнінде сонау 19 ғасырда Ұлыбритания премеьр-министрі Бенджамин Дизраэли: «Өтіріктің үш түрі бар. Олар: өтірік, жағымсыз өтірік, статистика»,— деген айқын анықтама беріп кеткен-ді. Бұл қанатты сөздің соңғысы — шындыққа апаратын жол.  Сол жолдан таймалық дегіміз келеді.

Ермек Сахариев

Ratel kz: Мақсат Имандосовтың материалынаң