ДЕМАЛЫСТА ДА ДЕМАЛМАЙТЫН ӘКІМ

Қазіргідей індеттің алдын алу кезінде жергілікті атқарушы билік саласында еңбекққор, талапшыл әкімдердің бола білгені ләзім.

Бүгінде Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиев осындай әкімдердің сапында тұр.

Сарысу ауданына әкім болып келгелі талай істің басы-қасында жүрген әкім қазірде халық арасында «талапшыл, еңбекқор әкім» атанып кеткен.

Жалпы, тізе берсек, Сарысу ауданында игі істердің атқарылып жатқанының куәсі боламыз.

Бүгін Жексенбі. Сенбі жексенбі екі күндік демалыста да Сарысу ауданының әкімі демалмайды.

Қашанда еңбек десе елеңдеп, ерінбей жүргені.

Бүгін де міне аудан әкімі Жаңатас қаласындағы 1,4 және 5 шағын аудандардағы тұрғындарға берілген жерлердің игерілуі, тазалық сақталуы, су жүйесінің арықтары (лоток) дұрыс жұмыс істеуі бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізуде.

Аудан әкімі орынбасары мен қала әкіміне тиісті тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, әр аулада орналасқан стритворкоут пен ойын алаңшаларының жағдайы да назардан тыс қалмады.

Істен шыққандарын қайта қалпына келтіру үшін тапсырма берілді.

 

Сарысу ауданы