ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНА ІССАПАРМЕН КЕЛДІ
Облыс басшысы сапаны басты назарда ұстауды тапсырды. 40 пәтерлі тұрғын үй құрылысы үшін ауданның жер қорынан жалпы 2 гектар жер телімі бөлінген. Былтыр ауданда баспана кезегінде тұрған 40 отбасы баспаналы болған.
Іссапар барысында аймақ басшысы Дархан Амангелдіұлы сондай-ақ Қазығұрт ауданы Қақпақ ауыл округіндегі «Қарқын 2030» ЖШС кәсіпорнының мал сою цехының жұмыстарымен танысты. Заманауи мал сою цехы жобасының құны — 1,1 млрд теңге. Тәулігіне 167 бас, жылына 60 мың бас мал союға қауқарлы. Жаңа цех толық цифрландырылған, энергия көзін аз пайдаланады. Кәсіпорында жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылған.![](https://www.elana.kz/wp-content/uploads/2024/06/446716499_775174684801435_2895404601485882884_n-300x198.jpg)
![](https://www.elana.kz/wp-content/uploads/2024/06/446716499_775174684801435_2895404601485882884_n-300x198.jpg)
Ауданның өнеркәсіп өнім көлемін биыл 15,3 млрд.теңгеге жеткізу жоспарланған. 12,3 млрд. теңгеге 68 инвестициялық жоба іске асырылмақ.
Ауыл шаруашылығы өнім көлемі 75,3 млрд. теңгеге жоспарлануда. Су үнемдеу технологиялары ендірілген жерлер 3 мың гектардан асқан. Бұдан бөлек, «Тұран су» мемлекеттік коммуналдық мекемесі тарапынан Сифон-Тассай каналын күрделі жөндеу жұмыстары атқарылуда. Сондай-ақ биыл ауданда 6 489 жаңа жұмыс орны ашылады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі