ДАНИЯ ДӘЛ СӨЙЛЕЙДІ
Жекеменшік арнада екі партия арасындағы пікірталасты көріп отырмыз. Онда “Ақ жол” демократиялық партиясының төриесі Дания Еспаева дән риза етіп отыр. Өйткені, көпірген көп сөзі жоқ, қуып кететін қызыл ұраны жоқ.
Партия 24 жылда қандай бастама көтерді, яғни қандай заң жобасын жасап, ұсынды осылардың маңыздысын санап берді. Кейбірін бірден қабылдау мүмкін болды, кейбірі тосқауылға тап келіп, жылдар бойы жатып қалды. Бірақ оған “Ақ жол” жасымады, қайталап ұсынды, депутаттардың дауыс беруіне дейін жеткізді.
2015 жылы Кәсіпкерлік кодексін қабылдатты. Соның арқасында кәсіпкерді тексеру үшін прокуратураның рұқсаты алынатын болды. “Мен аннан келдім, мен мұннан келдім” деп мазаны кетіріп, бопсалап ақша дәмететіндердің аяғы сонда тыйылған.
“Банкроттық туралы заңның” жобасын алғаш талқылауға 2012 жылы ұсынған “Ақ жол” болатын. Оны үш шақырылымнан соң 2022 жылы қабылдатты. Яғни партия осы заң үшін он жыл бойы күресті. Мұндай табандылық басқа қай партияда бар?
Жалған кәсіпкерлікпен күрес аясында адал жұмыс істеп жатқандарды да табаға қуырып жатқанда араша түсер тетікті тауып, ұсынған да — осы партия.
Кәсіпорын басшысы алаяқ болып шыққанда бас есепшіні, жабдықтаушыны, жоспарлаушыны “ұйымдасқан қылмыстық топ құрды” деп қоса соттау да көбейіп кеткен. Сонда жалақы алып жұмыс істеп жүргендерді сондай топта болды деп топшылап, соттай салуды кім қойғызды? “Ақ жол”!
Қазір партия жас отбасылардың баспана мәселесіне қатысты үлкен бағдарлама жасаған. Жаңадан шаңырақ көтергендердің ипотекасына жеңілдік берудің есеп-қисабы қолдарында. Соны жаңа Құрылтайда жанын салып отырып өткізбекші. Ол үшін партия өкілдері Құрылтай құрамына кіру керек. Ол үшін жас отбасылар, болашақта отбасы құрумен қатар баспаналы да болғысы келетіндер “Ақ жолға” дауыс бергені жөн.
Дания Мәдиқызының мамандығы қаржыгер, бергі онжылдықта айналысқаны заң шығару болғандықтан парламенттегі тәжірибесі мол. Содан сөзі нақты. Ойы тиянақты. Есебі дәл, ұсынысы өзекті. Отбасын, әйелді, жастарды, кәсіпкерді қолдайтын бұл партияны әрине, қолдау керек!
Қайнар Олжай facebook парақшасынан https://www.facebook.com/share/p/1F3gvGu7F6/


