ДАНАЛАР ДАУЫСЫ
Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді,
Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді,
Мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейді.
Қазақ мақалы
Ақырзаман болғанда
Қатын би болар
Сиыр пұл болар
Туған балаң қу болар
Үй ішінде неше жан болса,
Бас-басына би болар.
Мөңке би
Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы.
Әл-Фараби
Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды.
Ахмет Байтұрсынұлы
Мен өлсем де өлемін жөнімменен,
Тәннен басқа немді алар өлім менен?!
Өлген күні апарып тығары – көр,
Мен жоқ болам көміліп тәнімменен.
Тән көмілер, көмілмес еткем ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.
Жұрт ұқпаса ұқпасын жабықпаймын,
Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін.
Ахмет Байтұрсынұлы
Ізгі кісі үш жағдайда әртүрлі болып көрінеді: ұзақтан үлкен болып көрінеді, жақыннан – сүйкімді, ал сөзі қаталдықпен ерекшеленеді.
Конфуций
«Революция данышпандардың ойлауымен, оның жүзеге асуы фанатиктермен, нәтижесін көретін арамзалар болмақ».
Отто фон Бисмарк
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпасыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!
Абай Құнанбайұлы
«Мен өзімнің түк білмейтіндігімді білемін, ал басқалар тіпті мұны да білмейді».
Сократ хакім
«Атқа қонып алға ұмтылғанымда әлем уысыма сиып кеткені болмаса, менде жаннан асқан төтенше құдірет жоқ. Өзімді өзім жеңе білгендіктің арқасында Шыңғыс хан атандым».
Шыңғыс ханныңөсиет тағылымынан
«Ұлы істерде жұрттың бәріне жағу қиын»
Салон
«Бардың бар екендігін, ал жоқтың жоқ екендігін білдіретін барлық заттың өлшемі – адам»
Пифагор
«Сот – сөйлейтін заң, ал заң – тілсіз сот»
Цицерон
«Егер князь аңдардың әдіс-тәсілдерін үйренуге мәжбүр болса, онда олардың арыстан мен түлкіні таңдауы керек, өйткені, арыстан жыланнан, ал түлкі қасқырдан қорғана алмайды. Сондықтан да жыланмен күресу үшін түлкі, ал қасқырды жеңу үшін арыстан болуы керек, тек арыстан болғандар істің мәнін түсіне алмайды»
Никола Макиавелли
Өзгелер мені білмейді деп қауіптенбе, қайта мен өзгелерді білмеймін-ау деп қауіптенгейсің.
Конфуций
Егер күш пен әділдік біріксе, онда бұл одақтан күшті не болуы мүмкін.
Эсхил
Патша ойы өлім емес, міңгілік туралы болуы керек.
Хилон
Шындықтың тілі – қарапайым.
Сенеке
Өзіңді өзің құрметтеу – сенің басты заңың.
Пифагор
Адамның өзінің ақшасынан, үй-жайынан, қора-қопсығынан айрылуы аянышты емес, мұның бәрі адамға тиесілі емес. Ал адам өзінің шын меншігі – өзінің адамдық қадір қасиетін жоғалтса, бұл енді өте аянышты.
Эпиктет
Еркіндік еркін болғанымен, мейрімді бола бермейді.
Августин
Өзіңді-өзің билеу – өзіңмен өзің соғысу деген сөз.
Бальтасар Грасин
Ешқашанда үлкен қиыншылықтарсыз үлкен істер болмайды.
Вольтер
Өз қалағанымды жасай алатындай мүмкіндігім болса, ол менің еркін екендігімнің белгісі. Бірақ менің қалауым – менің қажеттіліктерімнің көрінісі ғана.
Вольтер
Әділдік жоғалған жерде адам өмірін мәнді ететін ешнәрсе де қалмайды.
М.Кант
Еркіндік ағашын кей-кейде патриоттар мен тирандардың қанымен суырып отыру керек. Бұл оның табиғи тыңайтқышы.
Т.Джефферсон
Тозған жұқа топтауға оңай,
Тозған жіңішке үзуге оңай.
Жұқа қалың болса,
Жіктейтұғын алып-ты.
Жіңішке жуан болса,
Үзетұғын алып-ты.
Білге қаған
Ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігі болуы мүмкін бе? Тарих ондайды көрген жоқ та, білмейді де. Ұлт азаттығы – ұлттық рухтың нәтижесі. Ал ұлттық рухтың өзі ұлт азаттығы мен тәуелсіздігі аясында өсіп дамиды, жеміс береді.
М. Шоқай
Сұм тағдыр! Сұмырайларға нан бересің,
Су мен жер, үй, салтанат, сән бересің.
Бір үзім нанға зар боп жұргендер көп,
Алмаған адал жанда бар ма өшің?
О, Алла, кешір мені! Өзіңе аян, мен қолымнан келгенше өмір бойы Сені тануға тырыстым. Менің Сен туралы білгенімнің барлығы – бұл менің Саған жақындай түсуге жасаған қадамым еді.
Омар Хайям
Кейнгілер ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп алғыс аламыз ба? Жоқ, далаға лағып, жөнсіз кетіп қарғыс-лағнет аламыз ба? Кеудесінде көзі бар адам көп ойланарлық жұмыс. Мен – совет одағын ешқашан, жақсы көрген емеспін; бірақ, мойындауға мәжбүрмін!
Әлихан Бөкейхан
Адам өзінің жанын ұсақ уайым, болымсыз қам-қарекеттің дертімен былғаудан сақтану керек.
Мұхтар Әуезов
Мен жан жоқ, өлген соң өмір жоқ дегенге таңғаламын. Оларға мұндай сөзді қандай ой айтқызып отыр екен? Осы кезде жанның барлығына, өлген соң да жоғалмайтынына күндей жарық дәлелдер табылып тұрса да, нанып қалған, әдет алған шатақ діннен шыға алмаған молдаларша қатып қалу – ақыл ісі ме?
Шәкәрім Құдайбердіұлы
Көзін ашпаған күшік деп кемітпе, күні ертең қабланның өзі болар.
Моңғол мәтелі
Біз заңның – құлымыз.
Цицерон