Дәрі қымбаттамайды…

Халық ең көп ішетін дәрілер қымбаттамайтын болды.

Әзірше, жыл соңына дейін. Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі фармацевтикалық компаниялардың басшыларымен арнайы келісімге қол қойды.

Осылайша, дәрі-дәрмек шығаратын зауыттар бағаны ұстап тұруға уәде етті. Өзара келісімді дәріхана қожайындарының мүлтіксіз орындауын Үкіметтік комиссия бақылауға алмақ. Құнды көтергендер лицензиясы айрылады немесе ірі көлемде айыппұл төлейді. Кәсіпкерлер мен шенеуніктер қымбаттатпауға келіскен тізімде дәрінің 100-ге жуық түрі бар. Бұл халық басы ауырып балтыры сыздағанда жиі ішетін, ауырсынуды дене қызуын басатын медициналық препараттар. Сондай-ақ, асқазан, жүрек дертіне қарсы антибиотик пен шприц, дәке бар. Бір айта кетерлігі, баға тек 2017 жылдың соңына дейін тұрақты болмақ.
Серік Сұлтанов, Фармацевтикалық қауымдастықтың басшысы:
-Дәріхана мен дистрьюбитерлермен бір ай салғыластық. Қызық олар, зауыттан шыққан дәріге ортадағы 15 процент қосады, дәріхана 25 пайыз қосады. Пайда кімдікі? Зауыттікі емес, сатып отырған адамдардікі.
ktk.kz