Бурабайда құсшылар кеңес құрып, Бұландыда құс еті кәуебі рекорт жаңартты.  

Ақмолада өткен аптада елеулі жаңалықтар болды. Қазақстанның құс өсірушілер одағымен  Еуразия құс өсірушілер ассоциациясының бірлескен форумы Бурабайда өтіп, құсшылар келелі кеңес құрды. Сонымен қатар, Бұландыда жоғары қуатты құс фабрикасының ашылуы болып, құс етінен кәуеп жасалып, Гиннестің рекордын жаңалады. Бұл жобалардың іске асуы  еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етумен қатар Бурабай курорты аймағына туристерді көптеп тартуда дәмді ас мәзірі, талғам талаптарынан шығуға зор мүмкіндік туғызатын ын атап өткен жөн.

 Бурабайда құсшылардың  халықаралық форумы өтті.

Қазақстан құс өсірушілерінің VІІ Халықаралық форумы алғаш рет Еуразиялық құс өсірушілер ассоциациясымен бірігіп  І рет форум өткізді. Бурабайдағы «Rixos» отелінде болған форумға  Германия, Израиль, Нидерланды, Польша, Испания, Бельгия, Қытай және ЕАЭО мен ТМД елдерінен өкілдер қатысты.  Бұл шара Бұланды ауданы Макинск қаласында пайдаға берілген, Қазақстанда  емес,  орталық Азиядағы ең ірі , жылына 50 мың тонна ет өндіру қуатты құс фабрикасының құрметіне орайластырылды.

Алқалы жиынға елімізден,  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Ақмола облысы  Бурабай ауданыны, «ҚазАгро» және «Бәйтерек» ұлттық холдингтік компаниялардың лауазымды тұлғалары қатысты.

Жиынды  Қазақстан құс өсірушілер одағының президенті Р. Шәріпов, Ақмола облысының әкімі М.Мырзалин, «Aitas-RZ» акционерлік қоғамының бас директоры С.Толықпаевтар қатысушыларды құттықтап, ашты.
Облыс әкімі М.Мырзалин өңір құс өсірушілердің жұмысына Астана нарығы үлкен мүмкіндік туғызып отырғанын атады.

Әкім сөзінде: — Қазіргі өңірде бес  ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Олар ел аумағына  қажет құс өнімдерінің 20 пайызын өтеп отыр. Бұл дегеніміз осы саланың тиімділігі, ішкі және сыртқы қанымдауда әлеуетінің жетіліп келе жатқанын аңғартады. Заман талабына сай, кажеттілікті қанымдауға мүмкіндік туғызатын  «Макинск құс фабрикасының» біздің өңірде орналасуы ақмолалықтарға  үлкен жетістіктер әкеледі. Бұл фабриканың мақсат мүдесі   мемлекетіміздің стратегиялық саясатының  сай, дей келе, М.Мырзалин қатысушыларға табыс тіледі.
Форумның пленарлық сессиясында Қазақстан құс өсірушілер одағының басқарма мүшесі, «Алель Агро» АҚ басқармасының төрайымы Р. Жатақпаева Ресей құс өсірушілер одағының президенті, академик В. Фисинин, «Орта Серт» ЖШС сертификацияланған орталығының директоры Т. Шанқұлов, РФ «МегаМикс» ААҚ технологиялық бөлімінің басшысы С. Иванов, «TITAN Agro Kazakhstan» ЖШС коммерциялық директоры Н. Лежнева баяндамалар жасады.
Бурабай форумында ветеринарлық медицина докторы Martynas Gehys (Франция), Словения ғылым академиясы маркетинг қызметінің басшысы Urbancic Ales, ветеринария және ауыл шаруашылығы бөлімшесінің директоры Bulent Kukurtcu (Испания), инженер-биотехник Гаймард Марина (Франция), бельгиялық INNOYAD компаниясының өкілі, ғылым докторы Арвидас Сирвидис, «Бионика» компаниясының директоры Сергей Ермолаев әлемдік кеңістіктегі құс өсіру индустриясы және оның өзекті мәселелері жайлы пікірлерімен бөлісті.
Отандық спикерлердің айтуынша, Қазақстандағы 55 кәсіпорынның 30 жұмыртқа, 17 құс етін өндіру, 8 асыл тұқымды құс шаруашылығы өркендетуде тиімді жұмыстауда. Еліміздің құс өсірушілер одағы мемлекеттің қолдау аясында «Құс өсірудің 2018-2027 жылдарға арналған салалық бағдарламасын» дайындаған. Бұл бағдарламалық құжат құс етін өндіру көлемін 500 мың тоннаға, жұмыртқа алуды 7 миллиард данаға жеткізуді көздейді.

Азияда алғашқы ірі құс фабрикасы пайдаға берілді

Жылына 50 мың тонна құс етін өндіретін орта азияда ең ірі жобалардың бірі Макин құс фабрикасының бірінші кезеңі пайдаға берілді.

Салтанаты іс шараға Ақмола облысының әкіміМ.Мырзалин  қатысып, фабриканың  лента қию рәсіміне куә болды.  Бұл пайдаға асып тұрған фабриканың бірінші кезеңі, кәсіпорын толық қуатына кіргенге дейін  жылына  25 мың тонна құс етін өндіретін болады. Бұл жабаның  жалпы құны 45,6 млрд. Тенге болса, алғашқысына 33,5 млрд.тенге жұмсалыпты. Қажет қаржының жартысынан астамын «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдары – «Қазақстанның Даму банкі» АҚ және «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ берсе, қалғанын осы жобаның бастамашысы «Aitas KZ» АҚ салыпты.

Өңір  басшысы кәсіпорынның ашылу салтанатында құс еті өнімдерін өндіруде Ақмола облысы елімізде екінші орында  болса, Астананың жұмыртқаға сұранысын  толық қамтамасыз етіп отыр. Макинскі құс фабрикасының   іске қосылуы өңір  ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу, жетілдіруде  лайықты серпін беретін ірі жоба болады.  Облыс бюджетін толықтыруға зор үлес қосумен бірге, ауыл еңбеккерлеріне қосымша жұмыс орындарын ашауға мүмкіндік беретінін, құтықтауында атады.
Әкім және құттықтаушылар сөзін толықтырасақ.  Бұл     жоба  еліміздегі құс шаруашылығын дамыту бағытындағы ең көп қаржы құйылған жоба екен.  Фабрикасының бірінші кезеңінде  тоғыз өндірістік алаң іске қосылса, оның ішінде инкубатор және әрқайсысы он екі құс қорасынан тұратын 4 бройлерлік құсхана,  құс етін  өндеу зауыты,  құс жемін  өндіру цехы бар . Қазір инкубаторда жұмыртқа басу басталып, қазан айында өнім шығатын болады.

Жоба аясында инкубация, құс өсіру, сою және мүшелеу, тоңазыту және қаптау, сою қалдықтарын қайта өңдеу саласында ең үздік заманауи технологияларды пайдалану, әлемдік өндірушілердің технологиялық жабдықтарының қолданылуымен жемшөп өндіру жолға қойылмақшы.

Макинск құс фабрикасы Қазақстан тұрғындарын халал стандарт  нормативтерін сақтай отырып  сапалы дайын өніммен қанымдап, Еуро стандарпен экологияға және сапа талаптарын  орындауды қамтамасыз етеді.

2020 жылдың екінші жартысына жоспарланған екінші кезең пайдаға асқанда Макинск құс фабрикасы сағатына 9 000 бройлер өңдеп, құс етін өндіру көлемі бойынша Орталық Азия аумағындағы ең ірі кәсіпорынға айналмақ. Фабрика өндіретін негізгі өнім – бройлердің салқындатылған еті. Екінші кезең жұмысқа кіріскенде кәсіпорынның қуаты Қазақстанның ішкі нарығының 15 пайызына дейін қанағаттандырады. Бұл өз кезегінде құс еті  импортының  қазіргі үлесі  50,4 пайызды 32,6 пайызға  қысқартуға мүмкіндік береді. Өндірген өнімді  Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Қарағанды облыстарына және Астана мен Қарағанды қалаларына шығаратын болады.
Құс фабрикасының аумағында орналасатын барлық ғимараттардың жалпы көлемі 227 366,88 шаршы метрді құрайды. Құс фабрикасының жер көлемі Бұланды ауданының орталығы Макин қаласының солтүстік батысында 30 шақырымдай жерге созылып орналасқан. Аталған жоба Астана қаласы айналасында азық-түлік белдеуін қанымдап қоймай Бурабай курорты аймағына келетін шет елдік туристердің ас мәзірін,  талғамын құс етімен қанымдауда зор мүмкіндік берері сөзсіз.

Қазақы кәуәп әлем рекордын жаңалады.

Фабриканың ашылу рәсімінен кейін Макин қаласының орталық көшесінде кәуеп пісіруден әлемдік рекорды жаңалау рәсімі басталды. Арнайы киім үлгісін киген кәуәпшілер халқаралық ұйымның өкілі,маманды  аспаздардың бақылауында ұзынан ұзын созылған кәуепті шыжғыруды жиналған жұрт алдында , көмірді қыздырып алып , маздаған от үстінде қақтады. Арнайы жетекшінің пәрменімен 220 метрден астам кәуепті   300 адам белгілі уақытпен аударыстыра отырып, кәуепті қақтап шықты.  Кәуепті піскен соң Гиннестің арнайы өкілі Паулина Сапинскаяның бақылауында өлшенді. Өлшем 223 метр 65 сантиметрді көрсетті. Әлемдік рекорд жаңаланды. Естеріңізге салсам, кәуеп жасаудан алғашқы рекорд Сингапурда 2007 жылы 140 метр, екіншісі Ресейде  170 метрге жаңаланған болатын. Кәуап дайындауға 400 кг тауық еті жұмсалыпты. Осылайша Макинск құс етін өндіру фабрикасының ашылу салтанаты әлем және ел тарихында өшпестей із қалдырды.

Бұланды ауданында  рекордың жаңалануы әлемге аян болды.  Бұл жаңалық Бұландыға іргелес, табиғаты ұқсас   Бурабай курорты аймағыныңда аты қоса аталуға мүмкіндік туғызады.

Топтаманы дайындаған Дахан Шөкшир.