Бізге осындай ұлы тұлғалар керек

МҰСТАФА КЕМАЛ АТАТҮРІК (1881 — 1938). 

Түркия мемлекетінің реформаторы, Түркия Республикасының негізін қалаушы және оның тұңғыш президенті.

Ататүріктің ұлшылдыққа толы нақыл сөздерінен :

«Мен қажет болса, ұлтым үшін өз өмірімді де қиямын»

«Ұлттың ең белгілі ерекшеліктерінің бірі, ең құнды негіздерінің бірі – тіл. «Мен – түрік ұлтынанмын» дейтін адам бәрінен бұрын және міндетті түрде түрік тілінде сөйлеуге тиіс. Түрік тілінде сөйлемейтін адам өзінің түрік қауымына және түрік мәдениетіне жататынын қаншама қайталаса да, бұған сену дұрыс болмайды…»

«Мен үшін ең ұлы қорғаныс ұясы, ең ұлы көмек көзі — ұлтымның кеудесі. Сондықтан, мен ұлтымның кеудесін ешкімге бастырмау үшін барымды саламын!»

«Ештеңе өндірмей тек ішіп — жей беретін ұлттар алдымен абыройынан, сосын еркіндігінен, ал, ең соңында болашағынан айырылады»

«Ұйықтап жатқан халық не құрып бітеді, не құл болып оянады!»