Біздегі ең төменгі жалақы неге жетеді?

LS порталы: «Қазақстанның ең төмен жалақысы – Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі (ЕАЭО) ең аз жалақылардың бірі»,— деп хабарлайды. Елімізде 2018 жылы ең аз жалақы мөлшері 14 пайызға өсіп,  24 459 теңгеден 28 284 теңгеге дейін артты.

Бірақ әлі де 100 долларға жеткен жоқ. Қазақстанның төмен табысы ЕАЭО елдерінде тек Қырғызстаннан ғана жоғары тұр. Көрші ел 17 доллар жалақысымен ең төменгі көрсеткішке ие.  2017 жылдың қараша айында Қырғызстан үкіметі елдегі ең аз жалақы ең төменгі күнкөріс деңгейінен 4-5 есе аз екеніне алаңдады.

ЕАЭО елдерінің ішінде ең төменгі жалақы көрсеткіші Ресейде ең жоғары, оның мөлшері 164,6 долларды құрайды. Бұл көрсеткіш Белорусияда 154,6 доллар көлемінде. Арменияда минималды жалақы 100 доллардан асады. Бұдан басқа, АҚШ-тың әр штатында әртүрлі ең төмен жалақы деңгейі бар.

Америкалықтар қазақстандықтардың бір айлық табысын, орта есеппен, бір апта ішінде таба алады. Біздің әл-ауқатымыздың қай деңгейде екенін осыдан-ақ бағамдай беруге болары кәміл.