«Біз біргеміз» акциясы аясында елорда тұрғындарына көмек көрсетілуде

Нұр-Сұлтанда «Біз біргеміз» акциясы жалғасып жатыр. Волонтерлер әлеметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік себеттерін жеткізуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

 

 

«Бізде күн сайын шамамен 20-30 мекен-жай жоспарланады. Біз мұқтаждарға азық-түлік ғана емес, гигиеналық құралдар – дымқыл майлықтар, маскалар мен антисептиктер де жеткізіп береміз», — дейді ерікті Әл-Фараби Аймақ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі Дәурен Бабамұратов әлеуметтік жағдайы төмен және мүгедек жандарды бағып отырған отбасыларға 50 себет жеткізілгенін атап өтті.

 

 

Азық-түлік себеттері демеушілер көмегімен дайындалған. «Біз біргеміз» акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік себеттерін жеткізу жұмыстары жалғасып жатыр. Біздің волентерлер карантин кезінде барлық сақтық шараларын сақтай отырып (үйге кірмей, себеттерді үй сыртында қалдыра отырып), азық-түлік себеттерін жеткізу шараларын жалғастырады», дейді Дәурен Бабамұратов. Елорда тұрғындары қала әкімдігі мен еріктілерге көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі