Биыл Жамбылда 144 медициналық құрал-жабдық сатып алынды

Жамбылдықтарды денсаулық сақтау қызметтерімен кеңінен қамтуды қамтамасыз ету бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Мұнда барлығы 11 жылжымалы медициналық кешен бар. Биыл 322 елді мекенді қамту жоспарланған. Жыл басынан бері қамтылған елді мекендер саны – 214. Ауылдарда жылжымалы медициналық кешендердің қызметтерімен қамтылған халықтың саны — 156 693 адам, оның ішінде 43 580 бала бар.

Бұл деректерді ӨКҚ баспасөз алаңында облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев айтты. Оның мәліметінше, 2022 жылдың 6 айында 40 015 диагностикалық зерттеулер, 15 261 зертханалық тексеру, 165 783 бейінді мамандардың консультациясы көрсетілді.

❗️ «Материалдық техникалық базаны нығайтуға жергілікті бюджет есебінен 2,2 млрд теңге қаржы бөлініп, 144 дана медициналық құрал-жабдық сатып алынды. Оның ішінде 20 экстракорпоралды мембранды оксигенация аппараты, 40 көп функциональды кереует, 3-анестезияға арналған тыныс алу аппараты, 4 цифрлық рентген аппараты,1 КТ аппараты,1 ЛОР операцияға арналған бейне кешен, 4 ашық неонаталды реанимация жүйесі, 1 эксперттік кластағы УДЗ аппараты және т.б. бар. Одан басқа, республикалық бюджет қаражаты есебінен 2,0 млрд теңге көлемінде қаражатқа 1 дана «Сызықты үдеткіш» сатып алынды», — деді Әсет Әскерұлы.

©️©️©️

✅ Нәтижесінде, облыс бойынша медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету – 89,7%-ды құрап, 1,8%-ға өскен.

Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі