Биыл Қостанай облысында 800 жаңа жол белгісі қойылады

2019 жылы Қостанай облысының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қолданыста ұстауға барлығы 1,6 млрд.теңге бөлінді.

Кешенді бағдарлама аясында ағымдағы жылы 30 мың шаршы метр жолда пайда болған шұңқырларды жөндеу жоспарланған. Бүгінгі күні жылдық жоспардың 30 %-дан астамы орындалды.

Сонымен қатар, жолшылар 800 дана жол белгілерін орнатады, 1900 шақырым қашықтыққа жол белгілерін салады, 2 мың метр қоршау жөнделеді. Сондай-ақ, көктемгі-жазғы кезеңде 613 км орман жолақтарын жырту бойынша жұмыстар жүргізіледі.