Биыл Құрбан айт 16 маусымда басталады

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының мәліметінше, биыл Құрбан айт мерекесі 16 маусымға сәйкес келеді.

Бүгін һижри жыл санауы бойынша зул-хижжа айы басталды. Яғни Арапа күні биыл 15 маусымға сәйкес келеді.

«Зул-хижжа айын анықтау үшін зул-қағда айының 29-нда айды бақылайды. Күн батқан кезде жаңа ай көрінсе, келесі күні зул-хижжа айы басталған болып саналады. Егер ауа бұлтты болып, ай көрінбесе, зул-қағда айын 30 күнге толықтырады. Осыған орай, 2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал құрбан айт 16 маусымға сай келеді», – деп хабарлады Мүфтият.

Еске сала  кетсек, діни рәсім бойынша Құрбан айт мерекесі Ораза айттан соң 70 күннен кейін басталып, үш күнге созылады.