Биыл 17 жатақхананың құрылысы аяқталды
Елімізде студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі жүйелі түрде шешіліп келеді. Ең алдымен нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгерістер енгізілді. Мәселен, барлық ЖОО қабылдаған студенттерді жатақханадағы орынмен қамтуға міндетті. Бұл лицензиялық талаптардың бірі болып табылады. Бұл жерде студенттің грантта немесе ақылы түрде білім алып жатқанынан мән берілмейді. ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан ОКҚ алаңында осылай деп мәлімдеді.