«БІРГЕМІЗ: ТАЗА ӘЛЕМ» ЕРІКТІЛЕР АКЦИЯСЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА ӨТТІ

Таза болса табиғат – аман болар адамзат. Қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазарту, ағаш отырғызу, қоқыстарды сұрыптау бойынша «Біргеміз: Таза әлем» жобасы аясында Т.Рысқұлов ауданының “Тау-Қымыз” демалыс орнында республикалық экологиялық лагерь ұйымдастырылды.

Бүгінде жастар қоғамның қозғаушы күші ретінде озық идеяларымен қаруланып, еліміздің дамып, өркендеуіне барша үлес қосып келеді. «Біргеміз: Таза әлем» республикалық экологиялық лагеріне 12 мен 18 жас аралығындағы Қазақстанның барлық аймағынан жиналған 110-ға жуық жасөспірім қатысты.

Үш күнге жалғасқан шараның басты мақсаты – өскелең ұрпақты әлеуметтік жауапкершілік пен экологиялық мәдениетке тәрбиелеу. Жастар назарын экология мәселесіне аудару және мәселені шешуге ұмтылу. Білім беру, ортақ ой бөлісу және пікір алмасу алаңын қалыптастыру және олардың мүмкіндігі мен талантын қоғамға көрсету.

 

 

Шараның ашылу салтанатына аудандық білім бөлімінің басшысы Майра Базарова қатысып, лагерь қатысушыларына сәттілік тіледі.

Лагерь аясында жасұландық оқушыларға ауданымыздың тарихи-мәдени, көрнекті жерлеріне экскурсия мен түрлі экологиялық турнирлар мен ойындар, квесттер, лекциялар, тренингтер ұйымдастырылды.

 

 

Аудандық білім бөліміне қарасты балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығының директоры Бисембаев Садат Ашираливичтың және аталған білім ошағының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баймусаева Нургуль Таттибаевнаның ұйымдастыруымен “Жаяу жүру туризмінің әдіс-тәсілдері” шебер сыныбы көрсетілді. Плоггинг барысында оқушылар қоқыс қалдықтарың жинаумен қатар, оны дұрыс сұраптауға үлкен назар аударды.

Жастар – ұлт үмітін арқалаған ел ертеңі. Үмітті іркілтпей, сенімді сапалы ақтау сол буынның парызы. Олар қазіргі қоғамның жетекші күші ретінде еліміздің дамуы үшін жауапты екені мәлім.​

 

Мөлдір Тастанбек

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы