БІР ЖЫЛДА 3 МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Бүгін мәдениет саласына тоқтала кетсем. Аудан бойынша 173 жобаның, 3 мәдениет саласында жүзеге асырылмақ.
——————————————————————-

 

На изображении может находиться: дерево, трава, небо, растение, облако, обувь, на улице и природа

2018-2019 жылдары мәдениет саласында бірқатар жұмыстар атқарылды. Шалғай елді мекендердегі тұрғындарға мемлекеттік қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында 2018 жылы 8 цифрландырылған ақпараттық орталықтар (Түймекент, Дихан, Абай, Бурыл, Қостөбе, Қызыл жұлдыз, Мырзатай, Ынтымақ) ашылды. Орталықтарды ашуға жергілікті бюджеттен 2500,0 теңге қаржы бөлінді. 2019 жылы тағы 10 (Амангелді, Байзақ, Көктал, Жетібай, Үлгілі, Аймантөбе, Тегістік, Кеңес, Жақаш ауылдық кітапханалары, Сарыкемер ауылындағы аудандық кітапхана) ақпараттық орталықтар ел игілігіне берілді. Бұған жергілікті бюджеттен 5 млн. теңге бөлініп, қажетті құрал-жабдықтармен қамтылды. Бүгінгі таңда 18 ақпараттық орталыққа 4189 жүгініп, қажетті анықтамаларға қол жеткізе алды, бұл дегеніміз барлық электрондық қызметтердің 7% құрайды.
2019 жылы республикалық «Ауыл — ел бесігі» бағдарлама аясында әл – Фараби атындағы мәдениет үйінің сыртына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жоба құны 14 664,0 теңгені құрады. Сонымен қатар, ауданымыздың беделді азаматтары есебінен 10 млн. теңгеге нысанның сол қанатындағы аумақтан аллея бой көтерді, автотұрақ орнатылды.
Тарихқа сүйенсек, ауданымызда мәдениет үйі соңғы рет 1987 жылы соғылыпты.

 

На изображении может находиться: дерево, на улице и природа

 

Мәдениет саласында биылғы жылы 3 ауқымды жоба іске асырылмақ. Олар Бурыл ауылында 180 орындық мәдениет үйі (жоба құны 157901,0 мың теңге), Жетібай ауылында 90 орындық мәдениет үйі (жобалық құны 101609,0 мың теңге), Көкбастау ауылында 90 орындық мәдениет үйінің құрылыстары (жоба құны 96211,0 мың теңге) басталды. Аталған жобалар республикалық бюджеттен қаражыландырылып, оған 355 млн. 721 мың теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп, нысандар жыл соңына дейін ел игілігіне беріледі. Бұл үш құрылыс 33 жылдан кейін мәдениет ошағының бірінші құрылысы болмақ. Бұдан бөлек, 2022 жылы Кеңес ауылынан 90 орындық, 2023 жылы Тегістік ауылынан 90 орындық ауылдық клубтарды салу жоспарланып, Жамбыл облысы бойынша елді мекендерді мәдениет нысандарымен қамту картасына енгізілді.

 

 

На изображении может находиться: небо и на улице

Жыл сайын мәдениет саласының бюджеті кобеюде, мысалы 2019 жылы 223,304 мың теңге, оның ішінде материалдық-техникалық базаны нығайтуға 44,487 мың теңге қарастырылса, ал 2020 жылы осы мақсатта 315, 383 мың теңге, оның ішінде материалдық – техникалық базаны нығайтуға 79, 203 мың теңге бөлінді.

Мәдениет өмірдің тиянақтылығын, тұрақтылығын, дәйектілігін, мәнділігін, табандылығын қамтамасыз ететін үлкен институт болып табылады. Сондықтан бар күш жігерімізді салып осы тұрғыда жұмысты жалғастыруымыз қажет.

 

Нұржан Нұржігітов  фейсбук парақшасынан