Бір уыс топырақ.

Германияда әскерде жүрген кезім.

Екі Германия қосылып біріккен кез. Көктем кезінде сыйлық алу үшін дүкенге барғанбыз . Анадайдан қазақы шапан киген ақсақал көзіме оттай басылды.
Ассағаламуағалейкум ата дедім таяп барып. Жалт бұрылдыда кемсеңдеп қоя берді. Шүкір жаратқанға шүкір,-деп.
Темір құрсаудың кезі. Құшағына қысып беті-жүзімнен сүйе бастады. Қай туғансың балам деді. Мен орта жүздің Қоңыратымын дедім. Көрсеткеніңе шүкір Аллам деп мені шетке тартты. Мен командирден рұқсат сұрап бір бұрышқа бардық. Сұрақтың астына алды қайдан келдің,сендермен бірге қанша қазақ бар деп. Ең соңында Семей жақтан бар ма?-деді. Менің Семейлік Серік деген досым бар екенін айттым. Үйге қонаққа келіңдер деді ата. Мен оған бастықтармен сөйлессе жіберетінін айттым,өйткені бұрындары бір немістің үйіне барған едік.
Әңгіменің қысқасы алты баланы бір қазақ офицермен қосып жіберді. Кезінде ашаршылықта қырылып қалмау үшін Қытай асқан екен. Одан Түркияға кейіннен осы Германияға көшіп өтіпті. Жағдайлары мықты. Ат шаптырым ауласы бар. Екі Германия қосылған соң осында сәбет әскері бар екенін оның ішінде қазақтарда барын біліп көшіп келген екен. Төрімізден көріміз жақын деді. Сендер көңілдеріңе алмаңдар деп әлгі Серіктен бір ауылды сұрай бастады. Ол білемін дегеннен соң оған қолқа салды. Сол ауылдың бір уыс топырағын алып келіп берші деп. Алып келсең қалаған мәшінеңді алып беремін деп әңгімесін аяқтады.
Ол кезде онша мән бермеген екенбіз. Туған жердің топырағы қаншалықты қымбат екенін. Жеріміз сатылып бізде сол бір уыс топыраққа зар болып қалмайық ағайын.

Rau Qazaq фб парақшасынан