БІР СЫНЫПТАН 13 ГРАНТ ИЕГЕРІ

Қазіргі заман талабына сай білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейлік және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі белгілі.

Жас ұрпаққа жан – жақты білім беру әрбір ұстаздың басты міндеті. Осы орайда 1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының ұстаздары оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, білім сапасын арттырумен қатар ақыл – ой шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру үшін жеке пәндерді оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін іздестіруді жалғастыруда.

1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының түлектері мемлекетіміздегі КИМЭП, КБТУ , СДУ, AITU ASTANA IT UNIVERSITY атты озат жоғары оқу орындарынан грант иегері атанып жатқандары жүргізілген жұмыстардың анық нәтижесі. Мектептің 11 «А» сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Қ. Зикееваны атап өту міндетіміз. Бұл сыныптағы оқушылар 1 сыныптан бастап 11 сыныпқа дейін гимназия сыныбында білім алып, соның нәтижесінде сыныптағы 15 оқушының 13-і, атап айтсақ, Есенгелді Айгерім, Смайл Айғаным, Қарайбай Шахеризада, Ануарбек Самат, Шаймардан Мағжан, Каирханов Абылайхан, Нұрқасым Санжар, Ажигул Дилназ, Оспаналиев Тимур, Сүндет Бегайым, Кеңесбек Тимур, Сабыров Ахмедияр, Әбдіқадыр Адилия сияқты дарынды оқушыларымыздың жетістігі барша ұжымды қуантты.

Алдағы уақытта 1 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының ұжымы алға қойған бағыт бойынша өз жұмыстарын жүргізіп, оқушылардың болашақта білікті маман иесі болуына өз үлесін қосуын жалғастырады.

Қордай ауданының әкімдігі