Бір досым бар

Бір досым бар
Бір досым бар биден артық, төреден,
Мұңайғанда қуанышқа бөлеген.
Бауырым деп, бауырына басады,
Сүрінгенде ,сүйеу болып демеген.
Бір досым бар ,дос деуіме жараған,
Тумасақта біздер бірге анадан.
Туғанындай тастамайтын еш жерге,
Тайсалмайтын жүрек жұтқан Абадан.
Бір досым бар, нағыз асыл азамат,
Қате бассам,алар кейде жазалап.
Жағалыға көргенім жоқ жаққанын,
Шыншылдығы үлгі болар ғажап-ақ!.
Қолдай білген, қорғай білген әрбірін,
Бағытынан адастырма, Тәңірім.
Сол досыммен кездескенде шын ұғам,
ДОС дейтұғын үш әріптің қадірін.
Жігер Асқар
Алматы қаласы