БІЛІМДІЛЕР БӘЙГЕСІНДЕ ЖАҚСЫ НӘТИЖЕГЕ ЖЕТТІК

Оқушыларды ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарға ынталандыратын ғылыми жобалар жарысы бүгін аяқталды. Шымкент қаласында өткен жалпы білім беретін пəндер бойынша оқушылардың ғылыми жоба конкурсында жамбылдық дарындылар қоржынымызға 6-алтын, 9-күміс, 14-қола медальдарды салды. Сондай-ақ, 6 оқушымыз арнайы дипломдармен марапатталды. Осылайша барлығы 29 марапатпен үлкен жеңіске жеттік деп есептеймін.

Жалпы ғылыми жобалар конкурсына республика бойынша 749 оқушы, 596 ғылыми жобасымен қатысса, облысымыздың атынан 50 оқушы 16 секция бойынша 40 ғылыми жобалық жұмыстарын қорғаумен бақ сынасты.

Оқушыларымыз дәстүрлі додаға ерекше ден қойып дайындалды. Зерттеу жұмыстарының тақырыптары сан салалы. Бастысы – тынымсыз ізденістің арқасында жоғары нәтиже көрсетті.

Жеңімпаз оқушыларымыз бен жетекшілік еткен ұстаздарды мерейлі жеңістерімен құттықтаймыз! Ғылым жолындағы алғашқы бастаулары баянды болып, оқушыларымыздың еліміздің еңсесін биіктетер ертеңі боларына сенеміз!