Білім биігіндегі — ұстаз

«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені  мұғалім – мектептің жүрегі.»

Ыбырай Алтынсарин

Маңғыстау өңірі еліміздің өркендеуі мен дамуына зор септігін тигізген өлкенің бірі. Оның ішінде аудандағы ұлағатты жандар мен еңбекқор адамдардың азаматтық парызды орындаудағы еңбегі ерен,қызметі ұшан теңіз.

Адамзат баласының меңгерген мамандық атаулысының төресі – ұстаздық. Әсілі, мұғалім  барлық  мамандық   иесін  тәрбиелейтін,  оқытып  үйрететін, жақсылыққа баулитын   мейірімді абзал  жандар.  «Мұғалім  мамандығы – барлық  мамандықтың  анасы»  демекші, ұстаз  алдынан  тәрбие  алмайтын  жан  жоқ. Ұстаз  берген  тәрбие  әрбір  жанның  өміріне  жол  сілтер  шамшырақ  секілді. Ғылым  иесі  ғалым  да,  ел  қорғаған  батыр  да, тілінен  бал  тамған ақын  да,  тегеуріні   темір   балқытқан   жұмысшы  да, егін  салған диқан да, мал  бағып   терін   төккен  шопан  да, көк  күмбезінен  әрі  өткен ғарышкер  де  бәрі-бәрі  ұстаздыңалдында басын иіп  білім мен   тәлім  алған. Сондықтан ұлағатты  ұстаздарға  бүкіл  адам баласы  құрметпен  бас  иеді.

Ауданның 90 жылдық тарихында халыққа білім беру ісінде іргелі үдерісімен көптің көңілінен шыққан сондай құрметті мамандықты бойына сіңіріп, санаға сәуле  құйған жандар ауданымызда да  аз емес. Өзінің ұлағатты ұстаздық жолында саралы іс, саналы із қалдырған Дина Жұптұрғанқызы туралды әңгіме бір басқа.

«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» — деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтпақшы, Дина Жұптұрғанқызының ұстаздық ұлы жолы өзгелер үшін өнеге,үлгі. . Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару — екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Дина Жұптұрғанқызы 1955 жылы 19 мамырда Маңғыстау ауданы, Тауышқ ауылында дүниеге келді. Әкесі Жұптұрған мен анасы Мәдеш апа екеуі де елге сыйлы, халыққа қамқор болған жандар. Елден алғыс арқалаған жандардан дүниеге келген Дина Ақжанова Таушықтағы Шахта орта мектебіне 1963 жылы мектепке қадам басып 1974 жылы мектепті үздік аяқтады. Содан 1974 — 1978 жылдар аралығында Орал педагогикалық институтында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын тәмамдайд. Шетпедегі 1978 жылы  №1  орта мектепке мамандығы бойынша қазақ тілі пәнінен сабақ беруге кіріседі.

«Мен ең алғаш еңбек жолымды 1978 жылдан ауылдағы «қара шаңырақ» аталатын №1 мектептен мектептен бастадым. Ол мектептің тамыры тереңнен нәр алған, қаншама ел басқарған азаматтар мен азаматшалар сол алтын ұядан ұшқан. Сондықтан да мен алғаш келгенде өзіме жүктелетін жүктің ауыр екенін сезіп, бар ынта- жігерімді алдыма келген шәкірттерме аудардым. Білім берумен шектелмей мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға баулыдым.

Өзім тілі маманы болғандықтан қазақ тілінің дамуы мен қолдану аясын кеңейту мақсатында аянбай еңбек еттім. Ананың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тіліміздің өрістеуін оқушыларыма дәріптеп келем.  1978 жылы мектепке мұғалім болып орналасқан жылы жолдасым Сафиев Ағзаммен отау құрдым.Ол да жас маман. Ағзам Сафиев ол кездегі Алматы мұнай  университетін үздік дипломмен бітіріп келген кезі. Сол жылы үлкен ұлым Сафиев Сейітжан дүниеге келді. Ағзам туралы айта берсем өте көп. Ол өзі мектеп кезінен алғыр, сабақты үздік оқыған деседі. Сыныптас достары ҚР білім беру ісінің үздігі Ұранбек Сарбалаев, белгілі кәсіпкер шежіреші Сегізбай Әнестердің айтуынша  Ағзам мектепте 9 сыныпты оқып жүрген кезінде ақ Қазақстан бойынша жас математиктер байқауында бас жүлде алып, бүкілодақтық байқауға қатысуға жолдама алған. Бірақ отбасылық жағдайға байланысты бас тартыпты.Мен балаларымның асқар таудай әкесі болған Ағзам үшін мақтанамын. Ағзам екеумізден өрбіген Сейітжан, Әсем, Айдана, Гүлфайруз сияқты ұл қыздарымыз барлығы да ата анасын ақтаған, үмітін жалғаған жандар. Үлкен ұлым Сейітжан Шетпедегі Б.Жұмалиев атындағы орта мектептің директоры, Айдана, Әсем, Гүлфайруз барлығы да ЖОО нын үздік бітіріп, бірі шетелдік компанияда енді біріменің ұстаздық жолымды жалғастырып бала тәрбиелеуде. Құдайға шүкір бәріде  ел қатарлы еңбек етуде.» дейді бақытты ана Дина Жұптұрғанқызы.

Қырық төрт жыл  жұмыс өтілі бар ардақты ананың бала күнгі арманы ол ұстаз болу еді. Дина Жұптұрғанқызының бала кездегі ұстазы болған ағайы Шақырған Ерғазиевтің тұлғалық келбеті әлі күнге дейін көз алдында. «Шақырған ағай сияқты ұстаз болу менің басты арманым еді.Ол кісінің сабақ беру әдісі мен тәсілі айрықша болатын ды. Сондықтан көп оқушылар оған еліктеп, өнеге ретінде үлгі тұтқан едік. Менің бастыарманым да сол кісідей келбетті, ұлықты ұстаз атану еді» дейді Дина Жұптұрғанқызы.

Ия,ұстаз болу – жүрек жылуын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз болу – шәкіртке ата-анасындай болып тәрбие сыйлау. Ұстаз болу – жас ұрпақтың жарқын болашаққа барар жолын айқындап беру. Орыс ойшылы Анатолий Луначарский айтпақшы, «ұстаз – бұл жас ұрпақтың бойына ғасырлар бойы жинақталған барлық асылдарды сіңіруші, ал оларды соқыр сезімдерден, жамандықтардан және жұқпалы мерездерден аулақтатушы адам». Ал қазақтан шыққан қоғам қайраткері, ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов «мұғалім – мектептің жаны» деп бағалаған. Осыдан-ақ, ұстаз деген – ұлы есім екенін талассыз аңғаруға болады. Себебі, ұстазға деген құрмет бәрінен биік тұрады. Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, ықылым заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік тұр.

Даналықтың ұстаз боп жалғап ісін,

Еңбек еттің балаусы арман үшін.

Сіз – ертеңгі бәйтерек болашақтың.

Бүгінгі күн тер төккен бағбанысыз. демекші  40 жылдан астам білім беру саласында тер төккен Дина апайдың өмір және еңбек жолы айрықша деуге де болады. Қырық жылдың ішінде сан ұрпаққа сансыз жақысылық жасап, білім бесігінде тербеткен құрметті жанның ерен еңбегі ерекше. 1992 жылдан бері аудандық білім бөлімінде қызық тілі мен әдебиеті жөніндегі әдіскері болып атта жиырма алты жыл қызмет жасады.

«Тамшысымен тас тесетін бейнебір су тәрізді» (әл-Фараби) жандарға ілтипат таныту – адамгершілігіңнің ілгері басуының бір қадамы. Өйткені, ұстазға құрмет көрсету – білімге құрмет көрсету,білімді құрметтеуелді сыйлау болып табылады.   Білімді құрметтемеген, ұстазын қадір тұтпаған шәкірттің ғылымда нәтижеге қол жеткізе алмайтындығы, қол жеткізсе де, тиісінше кәдеге асыра алмайтындығы қасиетті Құранда да керемет жазылған. Тарихта ақыл-парасаты мол тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым бір ізетпен еске алғаны мәлім.Сондықтан бүгінгі жастар әрдайым да бес әріпін үйреткен ұстаздарын ұлықтап, ұмытпауы керек деп ойлаймын. Осы ретте осы қырық жылдан астам уақыт бойы ауданның 90 жылдығы мерей той аясында мен  дүниеден озған  әріптестерім Бигелді Теміралиев, Амандық Шадықұлова, Айман Сәрсембаева, Бекбосын Мусабаев, Инадір Қожақов ағай апайларды құрметпен еске аламын. » дейді  Дина апай.

«Шәкіртсіз ұстаз тұл демекші» Дина апайдың да қырық жылдың ұстаздық жолында бірнеше талантты дарынды жастарды қолдап, үлкен өмірге қадам басуға ықпалы ерекше болды. Оның ішінде айтыскер ақындар Нұрлан мен Фархад  Мұсаевтар,Алтынбек Сүйінбекұлы,  белгілі эстрада әншілері Ақылбек Жеменей мен Бауыржан Ретбаев, өлкеге танымал журналистер осы жолдардың авторы және Бауыржан Әнуарбекұлын ерекше атап өтуге болады. Осы аталған жастар бүгінде  ауданның ғана емес аймақтың тіпті еліміздің мақтанышына айналып үлгергені жасырын емес.   Дина Жұптұрғанқызының азаматтық, аналық жүрегі мен  еңбекке деген адалдығы өмірдің белестерін бағындыруға, түрлі атақ абыройларды алуға абройлы жеткізе білді.  Қырық төрт жылы ішінде жиырма жеті түрлі марапаттарды қанжығасына тақты. Осы марапаттардың мерейлісі Елбасының Алғыс хаты, ҚР  білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы және білім беру  саласының Республикалық кәсіподақ ұйымының  «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі» үшін   медалінің иегері, «Еңбек ардагері», «Маңғыстау облысына 40 жыл» медаліні иегері  атануы адал қызметтің айқын жемісі деп білген абзал.

«Мен елге адал еңбегім арқасында 40 жасымда ҚР Білім беру ісінің үздігі атандым. Әлемнің бір шетін ұстаған Ескендір Зұлқарнайын өз ұстазын «Мен ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін. Әкемнен өмірді алсам, Аристотельден сол өмірге керектінің бәрін алдым» деп еске алатын болған екен. Сондықтан да, ұстазды сыйлау – өмірдегі бір борышың. Ұстазға құрмет – адамзатқа міндет. «Адамның адамшылығы — жақсы ұстаздан» деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолдарда бағытынан таймасы анық. Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы-жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуде. Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі-мұғалім. Жаһандану заманында ұлт­­тық бәсекеге қабілетті болудың көр­сет­кіші – білім деңгейімен өлше­неді. Сондықтан, әлемдік білім ке­ңістігіне кірігіп, білім беру жү­йе­сін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Бұл мәселені шешудің кілті — ұс­таздардың қолында. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек ет­іп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұс­тазға жүктелетін міндет ауыр» – деген еді. Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп бағалауға болады.» дейді Дина Жұптұрғанқызы.
Биыл Маңғыстау ауданының 90 жылдығы аясында Дина Ақжанова сықылды елге еңбегі сіңген ұстаздар жетіп артылады. Ал Жұптұрғанқызы жайында тарихтың парағы әлі талай жазатын болары сөзсіз.

Дина апай туралы замандасы, ҚР білім беру ісінің үздігі  Тоймекен Сағымбаева:  «Адамзат баласы жер бетіне жаралғаннан бастап ілім іздеп, оқу оқумен қатар жер жаһанның құпия сырлырын ашумен келеді. Талмай еңбек етумен ізденістің арқасында өзіне де өзге де дүниенің құпиясын ашып көрсетпек. Осы тұрғыда еңбегі өлщеусіз өз баласынан өзгенің баласын артық көріп, қамқор бола білетін жан ол – ұстаз. Өз бойындағы жақсы қасиеттерді, алған білімін шәкірітінің бойына дарытып аянбай еңбек ететін жандар. «Ұстаз ұлы — тұлға»- дегендей бәріміз де ұстаз алдынан өттік.
Ұстаздың еңбегінің арқасында әкімде, не бір өнертапқышта,  әнші, биші бәріде ұстаздың салған сара жолымен жүрген жандар десем қателеспеймін. Таңнан  қара кешке дейін мектеп партасымен бірге барлық өмірін бала тәрбиесіне арнап сапалы білім берумен қатар өмірге дұрыс бағыт – бағдар бере білетін жан. Дина әріптесімнің еңбекке деген құлшынысы
мен үшін өзгеше болды. Дүниеде көптеген мамандық иесі бар десек, солардың ең қиыны ұрпақ тәрбиесіне тікелей қатысты, сол ұрпақтың ертең қандай адамзат болып өсуіне ұстаздың тікелей қатысы бардегім келеді. Сан мың шәкіртті өз баласындай қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген Динаның дала дарындылығы өзгелер үшін өнеге деп білемін» дейді.

P.S. Ия, ұстаз туралы қншама рет айта да жаза да  берсек таусылмақ емес. Оның ішінде бір жүрегінің бұрышымен  отбасының ошақ қасын ойлаған, бір қолымен балаға тәрбие беріп білім нәрімен сусындатқан Динаапай туралы әлі талай ойлар айтлр, сөздер жазылар. Бүгінігмақала  біздің ұстаз алдындағы бір борышымздың тамшыдай болса да өтелегені деп білемін.  Сөзімді қорыта келгенде :

Өзі ұшырған қырандарын ұядан.

Іздейтұғын қырдан емес қиядан.

Біз бәріміз  берекшепіз ұстазға.

Ұстаздарды, ұстаздарды сүй адам. деп аяқтамақпыз.

Аллаберген  Қонарбаев

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.

Маңғыстау ауданы.