БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН АЛҚА МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Календеров Нұржан Сәбитұлының төрағалығымен облыстың білім саласында 2023 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы және 2024 жылға арналған міндеттер туралы білім басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.
✅Алқа мәжілісіне облыс әкімдігінің басқарма басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, Республикалық бағыныстағы мекеме басшылары, ардагер ұстаздар, білім бөлімдері мен білім мекемелерінің басшылары, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Возможно, это изображение 9 человек и текст «U1D жамбыл облысы экимдгнин блм баскармасы управление образования акимата жамбылской области бðлим баскармасынын кенейтлген алка мажлс 2023 жылы аткарылган жумыстар дын корытындысы жэне 2024 жылга арналган мндеттер»
🖇️Жиын облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нысанбаев Мұхит Аманқұлұлының баяндамасымен бастау алды. Мұхит Аманқұлұлы өз сөзінде облыстағы білім саласындағы ауқымды жұмыстар «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында», ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Жамбыл облысы әкімдігімен бірлескен «Жамбыл облысының 2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту» бойынша өңірлік жол картасында белгіленген көрсеткіштер негізінде жүзеге асырылып жатқандығын жеткізді.Возможно, это изображение 2 человека, помост и текст
💬«2023 жыл облыс оқушылары мен педагогтерінің жетістіктеріне, жеңістеріне толы жемісті жыл болды. Республикалық ғылыми жобалар жарысында облыс командасы 14-ші жыл қатарынан «Ең үздік команда» атағын иеленді. Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша өткен республикалық олимпиадада Жамбыл облысының командасы жүлделі І орынды иеленіп, «Ең үздік команда» болып танылды. Сондай-ақ, республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 100 үздік мектептердің ресми рейтингіне Жамбыл облысының 7 мектебі енгізілді. Облыстың оқушылары республикалық, халықаралық олимпиадалар мен байқауларда 359 медальдарды иеленді.
Биыл тұңғыш рет ауыл мектептері оқушыларының арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өтті. Олимпиаданың республикалық кезеңіне 49 оқушы қатысып, 30 оқушы жүлдемен оралды.
Облыс әкімінің қолдауымен өткен жылы 43 оқушыдан жасақталған Жамбыл облысының құрама командасы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пән олимпиадасына дайындық мақсатында оқу-жаттығу жиындарына қатысты. «WorldSkills» республикалық чемпионатына 23 құзыреттілік бойынша 25 студент қатысып, 16-ы жүлделі орынға ие болды. Оның 2-і алтын, 2-і күміс, 12-і «Үздік маман» медальон иегері атанды. Республикалық, халықаралық байқауларда 81 педагог жеңімпаз атанды. 6 педагог республикалық «Үздік педагог» байқауында жеңімпаз атанды. 2023 жылы білім саласындакөптеген ауқымды жұмыстар атқарылды. Ал, 2024 жылға жоспар айқын, міндет зор»,- деді Мұхит Нысанбаев.
📌Жиын барысында Нұржан Сәбитұлы атқарылған жұмыстар бойынша білім бөлімдерінің басшыларына бірқатар сұрақтар қойып, кемшіліктердің алдын алу, жұмысты жүйелі жүргізу мақсатында тапсырмалар берді. Жамбыл облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Дамеш Шайхықызы білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау бойынша сөз қозғады
🖇️Алқа мәжілісінің соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Календеров Нұржан Сәбитұлы білім саласындағы 2024 жылға арналған міндеттерді жүзеге асыру бойынша алқа мәжілісінің жұмысын қорытындылады.