«БИЛЕР ДАНАЛЫҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАНДЫ

Бүгін Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен «Болашақ» мектеп-интернаты оқушылары арасында «Даналық әліппесі» жобасы аясында «Билер даналығы» тақырыбында қойылым сахналанды.

Қойылым оқушыларға ұлттық құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып, оқушылардың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын кеңейту, логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру, оқушы өз ойын еркін айтуға , қанатты сөздердің негізгі ойын білуге даналық қандай ұғым екенін түсіндіру мақсатында сахналанған болатын.

Іс шара барысында оқушыларға «Үш жүзге билік жүргізген бала билер» көрінісі көрсетіліп, «Менің сүйікті кітабым» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалынды.
Сонымен қатар «Қазақтың үш жүз билерінің даналығы» атты қысқаша бейнеролик көрсетіліп, мектеп-инернатының оқушыларына 15 дыбыстандырылған әдебиеттер табысталды.
Аталған іс-шарада өнер көрсеткен және белсеңділік танытқан балалар кітапхана тарапынан Алғыс хаттармен марапатталды.

Жамбыл облыстық Арнайы кітапханасы