Бетперде тігіп белсенділік танытты

Таразда 30 қыз-келіншек медициналық маска тігуге тегін атсалысып, 10 мыңға
жуық бетперде тікті.
Тігілген барлық маскалар тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында тегін
таратылды. Бүгін Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев қаланың қоғамдық
өміріне белсене араласып, төтенше жағдай кезінде тегін медициналық маска тігуге
атсалысқан қыз-келіншектерге алғыс білдірді. Шаһар басшысының Алғыс хатын
қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбекова әрбір қыз-келіншектің үйіне
барып, табыстады. Ал, тараздық нәзікжандылар қала әкіміне ризашылығын білдіре
келіп, осындай қиын кезеңде көпшілікке қолдан келген көмегін беру әрбір азаматтың
борышы екенін жеткізді.

Осылайша, көпшілікті коронавирус індетінен қорғау жұмысына тараздық қыз-
келіншектер де өзіндік үлесін қосуда. Жалпы, бүгінде дүниежүзінде белең алған
коронавирус індетінің алдын алу мақсатында Қазақстанның барлық өңірлерінде тиісті
шаруалар қолға алынып, бірқатар шаралар қабылданған болатын. Қарапайым
халықты қауіпті індеттен құтқару, оларды қолдау мақсатында көпшілік қолдан келген
көмектерін де ұйымдастырған еді. Бұл ретте Тараз қаласы әкімдігінің бастамасымен
және кәсіпкерлердің қолдауымен карантин кезінде көпшілікке азық-түлік таратылып,
тұрғындар қажетті тауарлармен қамтылды. Сонымен қатар, мыңдаған медициналық
маскалар тегін таратылды.

Бекнұр Сатыбалдиев