Белгілі кәсіпкер, меценат Өкімбаев Нұржан Еркінұлы Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына орай, Қасым құдығын қалпына келтіріп, ескерткіш тақта орнатты.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жерлесіміз, бүгінде Алматы қаласының тұрғыны, белгілі кәсіпкер, меценат Өкімбаев Нұржан Еркінұлы Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына орай, ақын атындағы ауылы маңындағы Қасым құдығын қалпына келтіріп, қоршау қойып, арнайы құдық басына ескерткіш орнатты.
Игілікті іс-шараға Алматы қаласынан Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары, ақын Ақберен Елгезек арнайы келіп қатысты. Сонымен қатар ел азаматтары болды.
Туған жерге сүйіспеншілік туған тарихыңды тереңнен білуден басталады. Еліміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Оған сай сол өлкеде халқына пана бола білген, ел есінде қалған біртуар перзенттер бар. Ал, олар жайында жас ұрпақтың білгені абзал – деді Нұржан Еркінұлы.
Қасымдай ақынның атын асқақтатуға, оның туған жерінің дәрежесін көтеруге үлкен үлес қосқан Еркінұлы Нұржан азаматтың жасаған жарқын ісі көңіл қуантады.
«Ауылым- алтын бесігім» деген жанашыр азаматтарымыз көп болғай!
Жомарт Шаймұрат