БЕЙНЕТТІҢ ЗЕЙНЕТІ

Бүгін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы есіл уақытын спорт саласын дамытуға арнаған аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қайрат Ержігітовті 63 жас мерейтойына орай қабылдап, сый-құрмет көрсетті.
Атына заты сай, еш уақытта адамдықтан айнымаған, қарапайымдылығымен сүйсіндірген ер мінезді арда азамат Қайрат Ержігітовтің есіл еңбегі өз алдына бір бөлек.
Көп жыл бойы ауданның өсіп-өркендеуіне, әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан, өңірдің спорт саласын жан-жақты дамытқан, бірқатар спорт нысанының бой көтеруіне белсене атсалысқан мерейтой иесін құттықтаған Ерлан Қыдыралыұлы Қайрат Оразымбекұлының есіл еңбегін атап өтті.
Мерейтой иесіне зерлі шапан жауып, кеудесіне медаль тағып, естелік сыйлықтар табыс етті.

Жамбыл ауданы әкімдігі