Бауыржан Момышұлы мен Сәбит Мұқановтың әңгімесінен үзінді:

─ Қазақтағы бірінші классик кім екенін білесіз бе?
─ Енді Бұқар, Абай… — деп санай бастады Сәбең.
─ Бірінші классик — Ахмет Байтұрсынұлы. Тіпті, Мағжанның өзі осыған қол берген, — дедім… Екінші ақын кім, соны айтыңыз?
─ Мағжан, — деді.
─ Үшінші ақын кім? — дедім.
─ И, үшінші ақын Бейімбет, — деді.
─ Дұрыс емес, — деп тастадым. ─ Қазақтың поэзиясында Мағжаннан соңғы ақын Жүсіпбек Аймауытов болады. Ол кісінің
«Тән жүйесі, жан жүйесі» деген кітабын оқығандардың бірімін. Жүсіпбек — философ, психолог. Біздің қазақтың тарихындағы ұлы педагог, ақын кісі болған… Оған документальный дәлелім бар. Ол кісі қазақтың бірінші гимнінің авторы…

Бауыржан Момышұлы.»Айтылмаған ақиқат» кітабынан