«Батыс» өңірлік қолбасшылығы марапатталды

  «Жауынгерлік жанұядай ұйысқан, Ұлттық ұлан – елі мен халқына қорған» ұранымен қызмет ететін Ұлттық ұлан әскери бөлімдері арасында 2023 жылдың қорытындысы жарияланды.

Әскери бөлімдер арасында ұйымдастырылған бұл жыл қорытындысының негізгі мақсаты –әскери бөлімдердің қызметтік-жауынгерлік әзірліктерін түйіндеп, үздіктерді анықтау.Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығы«Спорттық бұқаралық жұмыстар байқауы» және «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның  21-спартакияда» номинациясы бойынша 1—орынға қол жеткізіп, ауыспалы кубокпен марапатталды.    

           Айта кетейік, бұл қорытынды ағымдағы жылдың қаңтар айында Астана қаласында өткен Әскер кеңесте жарияланды.

ҚР ҰҰ  «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі