«Батыс» өңірлік қолбасшылығы марапатталды

  «Жауынгерлік жанұядай ұйысқан, Ұлттық ұлан елі мен халқына қорған» ұранымен қызмет ететін Ұлттық ұлан әскери бөлімдері арасында 2023 жылдың қорытындысы жарияланды.

Әскери бөлімдер арасында ұйымдастырылған бұл жыл қорытындысының негізгі мақсатыәскери бөлімдердің қызметтік-жауынгерлік әзірліктерін түйіндеп, үздіктерді анықтау.Нәтижесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығы«Спорттық бұқаралық жұмыстар байқауы» және «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның  21-спартакияда» номинациясы бойынша 1орынға қол жеткізіп, ауыспалы кубокпен марапатталды.    

           Айта кетейік, бұл қорытынды ағымдағы жылдың қаңтар айында Астана қаласында өткен Әскер кеңесте жарияланды.

ҚР ҰҰ  «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі