БАТЫР АУЫЛЫНДА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Батыр ауылдық округінде ұзындығы 15 шақырымды құрайтын асфальт жабындысы бар жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Батыр ауылы әкімі Сауыт Айтбаев мәлім етті.

«Бүгінгі күні 15 шақырым асфальт жолы салынып жатыр. Мердігер мекеме «БекАқтауГазСнаб» ЖШС. Келісімшартқа сәйкес құрылыс жұмыстары 31 желтоқсанда аяқталады»,- деді ауыл әкімі Сауыт Айтбаев.

Асфальт жабындысы бар жол Батыр ауылындағы қоғамдық маршрут жүретін көшеге салынады. Жол салу жұмыстары аяқталуға жақын. Ендігі кезекте жол белгілері мен жаяу жүргіншілер өтетін жолақ сызу жұмысы жүргізіледі.

 

МҰНАЙЛЫ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ