Бәтима Кәрімқызы ел ішінде тік мінезі, әділдігі, қайсарлығы мен жомарт жүрегі үшін «Қыз Бәтес» атанған жан.
Текті әулеттен тараған ол әкесі Кәрім Ақшолақовтың елге сіңірген еңбегі мен азаматтық болмысын бойына сіңіріп өсті. Алматыдан білім алып келген соң туған ауылына оралып, әуелі мектепте, кейін сауын фермасында еңбек етті. Жұмысқа мығым, талапшыл, тәртіпке берік болғанымен, айналасына қамқор, балаларға мейірімді еді. Қиын кезеңде екі қызын өсіріп, шаңырағын шайқалтпай, бар ауыртпалықты қайыспай көтерді. Ауыл адамдары оны қатаңдығымен емес, адамгершілігімен, кеңдігімен, қайырымымен қадірледі. Бәтима апаның өмір жолы – маңдай термен келген абыройдың, елге деген адалдықтың, ұрпаққа үлгі болар табандылықтың айқын көрінісі. Осындай аналардың ғибратты ғұмыры ел жадында мәңгі сақталады.
Толығырақ: https://qandas.kz/%d2%9byz-b%d3%99tes-9146/

