Басқалар үшін өз өміріңді құрбан ету жомарттық та ерлік те емес…

Өзгенің арманын орындау үшін өз армандарыңнан бас тарту мейірімділік емес…
Басқаның маңыздылығына өзіңдікінен бұрын басымдық беру адалдық емес…
Әрнәрсеге махаббаттың атын жамылып баға беруді тоқтат…
Саған ауыртпалық әкелетін жағдайларға бола сәнді киінуді доғар…
Сенің өмірің мәңгілік құрбандық емес, өзіңді ұмыт қалдырып өзіңнен бас тарту жолы да емес…
Өзіңді сүйе білу-басқаны да жақсы көрумен бірдей маңызды…
Сен көп адамды шынайы сүйе аласың, сол көп адам да сені жақсы көреді, бірақ бұл жақсы көру сені өзіңді сүю жауапкершілігінен босатпайды…
Өзіңді сүюдің берік тағаны болмаса, бұл басқаларға деген сүйіспеншілік үнемі іштей тозуға, басқаларды қанағаттандыруға, қолдау көрсетуге, сөмкесін көтеріп жүруге, көз жасын сүртуге, арманына қанат қосуға және т.б. мағынасыз жарысқа айналады….
Сонда сенің өзің қай қанатыңмен демалмақсың?
Сен басқаның үдерісіне үлес қосуға назар аударып жүргеніңде сенікі әлі ұйықтап жатыр…
Көкжиекті бетке алып басқаның ұшып бара жатқанына қанағаттанып қарап тұрғаныңда сенің өмірің мұздатып тастаған қалпында…
Ол сенің жұбайың, балаларың, ата-анаң, бауырларың, ағайын-туыстарың қайссы болса да, олар түсінсе де, түсінбесе де, сенің еркін, әрі бақытты, аман-есен болуың оларға қажет…
Олар сенен өздеріне көңіл бөлуіңді сұрайды…
Жұбайың сенен күш-қуат алады, балаларың сенен үлгі алады, отбасың сені энергияның, табыстың және күрестің символы ретінде көреді…
Біз өз жеңісімізбен, талантымызбен және ләззатымыз арқылы басқаларға жарқырайтын жарық беруіміз керек…
Біз басқаны бір орында тоқтап тұрып қолдамаймыз, дәл өзен сияқты сарқырап ағып алға ұмтылу жолымен, басқаларға жәрдем беріп, осының барысында өз арналарымызды тауып, бізді күткен теңіздер мен мұхиттарымызға қарай ағамыз…
Осы күнге шейін сен махаббатым үшін деп қанша нәрсені құрбан еттің?
Өз арманың үшін қашан ойнайсың?
Іздеуіңді қанша уақытқа кешіктіре бермексің?
Өзіңе қайтып орал…
ӨЗІҢДІ ЖАҚСЫ КӨРУ, ӨЗІҢЕ ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ АРҚЫЛЫ СЕН КӨП АДАМҒА ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАЙТЫНЫҢДЫ БҰЛ ӘЛЕМ ӘЛДЕҚАШАН МОДЕЛЬДЕП ҚОЙҒАН…
Сенің болуыңның мән-маңызы сенің ішіңде…
Бұл сенің ең таңғажайып миссияң…